Шымкент: кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақыларын жоғарылату бойынша өтінімдер қаралды

0

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Кенжеболат Көшекбаев Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығының  медиа алаңында берген баспасөз брифингте айтты.

Бүгінде қаламыз бойынша инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі үш тәуекел тобына бөлінген болатын.

Олар:

1) қызыл аймақ (65% — дан жоғары тозу);

2) сары аймақ (тозу 55-65%);

3) Жасыл аймақ (тозуы 55% — дан төмен).

«Желілердің тозу деңгейі жоғары қызыл аймақтағы кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүзеге асырылады.

Сары және жасыл аймақтардағы кәсіпорындар үшін 2023 жылы жөндеу жұмыстары бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жоспарлы режимде жүргізіледі. Олар үшін бірінші кезекте кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту және иесіз желілер мен жабдықтарды ұстауға шығындарды қосу қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақыларын жоғарылату есебінен тарифті өзгерту бойынша өтінімдер қаралды», -деді К.Көшекбаев.

Коммуналдық салада жалақының төмен болуына байланысты білікті жұмысшылар (слесарлар, электромеханиктер, инженерлер және т.б.) жұмыстан кетуі байқалған.  Мәселен, монополистердің деректері бойынша соңғы жылдары білікті кадрлардың айналымы орта есеппен 26%–: сумен жабдықтау саласында – 33%, жылумен жабдықтау саласында – 24%, газбен жабдықтау саласында-20% құраған.

«Энергоорталық» АҚ

2023 жылы өндірістік персоналдың жалақы деңгейі 25%-ға (113,6-дан 142,03 мың теңгеге дейін) және әкімшілік-басқару персоналының жалақы деңгейі 22% — ға (122,45-тен 149,4 мың теңгеге дейін)ұлғайтылды

«Қуатжылуорталық» МКК

2023 жылы өндірістік персоналдың жалақы деңгейі 22,46%-ға (97,07-ден 118,87 мың теңгеге дейін) және әкімшілік-басқару персоналының жалақы деңгейі 13,14% — ға (138,46-дан 156,65 мың теңгеге дейін)ұлғайтылды

Су ресурстары-маркетинг ЖШС

Сумен жабдықтау және су бұру бойынша

2023 жылы өндірістік персоналдың жалақы деңгейі 20,18%-ға (114-тен 137,5 мың теңгеге дейін) және әкімшілік-басқару персоналының жалақысы 6,6% — ға (194-тен 206,8 мың теңгеге дейін) ұлғайтылды.

«ҚазТрансГаз Аймақ»ШПФ АҚ

2023 жылы өндірістік персоналдың жалақы деңгейі 52,6%-ға (133,6-дан 204 мың теңгеге дейін) және әкімшілік-басқару персоналының жалақы деңгейі 11,7% — ға (214-тен 239 мың теңгеге дейін) ұлғайды.

2023 жылы Департаментпен барлығы 91 өтінімдер қаралды, 51 өтінім бойынша қараудан бас тартылды.

Одан бөлек, табиғи монополия субъектілерінің — 78 есептері қаралды (ТМС-дің 2022 жылғы тарифтік смета (67) мен инвест.бағдарламардың (11) орындалуы туралы есептеріне талдау жасалды).

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=NaVSxYVyj5M  сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *