БОТУЛИЗМ АУРУЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ДАЙЫНДАЛҒАН КОНСЕРВІЛЕРДІ ҚОЛДАНҒАННАН БОЛАДЫ

0

Бүгін Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ахметов Алдарқұл Райымқұлұлы жаңа жыл мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың, қызылша мен ЖРВИ ауруларының алдын алу шаралары туралы Ақпараттық коммуникациялық орталығында баспасөз конференциясын берді.
«Алдымызда көпшіліктің асыға күтетін мерекесі Жаңа жыл келе жатыр. Мерекеге байланысты бірқатар іс-шаралар мен мерекелік отырыстар ұйымдастырылуда. Осыған орай, сіздерге мереке қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу үшін бірқатар кеңестерді ұсынамыз.
Қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану объектілерінде ғана емес, мереке күндері үй тағамдарынан да улану қаупі бар. Әсіресе, мереке күні дастарханға ұсынылған тағамдарды тұрғындар ертесіне, одан кейін екі-үш күн бойы тұтынып жатады»,-деді А.Ахметов.
Мерекеге орай азаматтар алдын ала азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдер сатып алады. Мұндай кезде үйде тамақтан уланудың негізгі себептері тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы, сондай-ақ өнімнің сақтау мерзімінің бұзылуы, тез бұзылатын тағамдардың тоңазытқышта сақталмауы болып табылады. Мереке күндері дастарханға үй жағдайында дайындалған консервіленген өнімдер қойылады. Егер көкөністер, саңырауқұлақтар консервілеу кезінде дұрыс жуылмай, консервілеу ережесі бұзылып дайындалған болса, ол өліммен аяқталатын қауіпті тамақтан улануды тудыруы мүмкін. Солардың бірі – ботулизм. Барлық ботулизм ауруы үй жағдайында дайындалған консервілерді қолданғаннан болады. Улануды болдырмау үшін, өнімді қолданар алдында 10-15 минут қайнатып жіберу қажет. Қақпағы көтерілген, түсі бұзылып, иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *