Шымкентте халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстары оң серпін беруде

0

Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясат қазір жан-жақты мағынаға ие.

Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Шымкентте 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2023 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 35 923 адам қатысты немесе жоспар 106,9% орындалды. 

Жалпы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылып, жұмыстар жүргізілді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше 2023 жылдың 2 тоқсаны бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 21 845 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды. Бағдарламаны жүзеге асыруға 7 917,1 млн.теңге қаралды. Игерілген қаржы 4 541,7 млн.теңге.

Енді нақтырақ айтар болсақ, кәсіби білім беру бойынша 5 950 адамды оқуға жолдау жоспарланған,

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 347 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады.

452 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант, 231 жасқа жасқа  шағын несие  берілген. Ал жұмысқа орналастыру бойынша 19 138 адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланса,  нақты – 10 607 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.  

Сондай-ақ, ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылған. Айта кетейік,   Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 89 201   оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 3-еу,  ал тыл еңбеккерлері – 1 999 адам. Көп балалы аналар саны – 49 126   оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандары–  12 405 ана.

Маслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 8 367 ардагерлер мен зейнеткерлерді жолдауға бюджеттен 688,8 млн.теңге бөлінді. Қазіргі таңда Айша бибі, Ақсу-демі, Денсаулық, Кәусар-бұлақ шипажайларына 3790 азаматтар жолданды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Ізетті зейнеткер» мекемесінде бүгінде  70 адамға  қызмет көрсетілуде.

Ал атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді десек, осы сала бойынша қалада әлеуметтік көмек 12 108 отбасыға, яғни  61 605 адам  тағайындалып, 5,0 млрд.теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша да  жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта басқармаға қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар, орталықтарда  1153 қызметкерлер қызмет көрсетеді. Орталықтардың 2023 жылға жоспарланған қаржысы – 4 305,8 млрд.теңге.

Жалпы, шымкентте тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтар мен жеке кәсібін ашқан азаматтар қатары артқан. Керісінше 3 жыл ішінде атаулы әлеуметік көмек алушы отбасылар саны төмендеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *