Шымкент: «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

0

Шымкент қаласының Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігін сақтау мен пиротехникалық бұйымдарды қолдануда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын берді.

Ақпараттық-коммуникациялық орталығының баспасөз алаңында Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерғали Сүлейменов, ҚР Ішкі істер министрлігінен келіп түскен нұсқауға сәйкес, ағымдағы жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылдың 3 қаңтар күндері аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқандығын айтты.

«Іс-шара барысында сәйкестілік сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды жаппай сату, сондай-ақ рұқсат құжаттарысыз сатылатын фактілерді анықтау және оның жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген қағидаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс»,- деді спикер.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams   сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *