Шымкент: жаңа жыл кезінде сақтау қажет негізгі өрт қауіпсіздік ережелері

0

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Төтенше жағдайлар департаменті басшысының у.м.а. Е.Отарғалымұлы Жаңа жыл мерекесі күндері сақталуы қажет өрт қауіпсіздік ережелірін атап көрсетті.  Олар:

Бірінші кезекте төтенше жағдайдың алдын алу үшін негізгі өрт қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Атап айтқанда:

— іс-шара өткізу алдында, өрт сөндіру құралдарының және автоматты өрт дабылқаққыштарының жұмысқа  жарамдылығы мен олардың болуы тексерілсін;

— ғимараттың терезелерінде торлар болған жағдайда мерекелік іс-шара өткізуге болмайды;

— спектакль немесе қойылым кезінде бөлмедегі шамдарды толығымен өшіріп тастауға болмайды;

— залды белгіленген нормадан тыс адамдармен толтыруға болмайды;

— ғимарат ішінде доғалық прожекторларды, шамдарды және петардоларды, өртке әкелуі мүмкін басқада өрт қауіпті отшашуларды пайдалануға болмайды;

— 50 немесе одан көп адам шоғырланатын орындарда 2 эвакуациялық шығу есігі болуын және эвакуациялық жолдарда қозғалысқа кедергі келтіретін бөгеттердің болмауын қадағалау қажет;

— ғимарат ішінде от шашу бұйымдарды пайдалануға жол бермеу керек;

— міндетті түрде қызмет көрсететін персоналдардың өрт туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритімі жөнінде нұсқаулықтан өткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден кезекте жаңа жыл мейрамының басты символына айналған мерекелік шыршаны орнату кезінде түрлі жарық бергіш зақымданған сымдарды (үзілу, қолдан жалғау) пайдалануға жол бермеу керек.

Шыршадағы өрттің алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:

— шырша ғимараттың бірінші қабатында сыртқа шығатын және үнемі ашық тұратын, кемінде 2 эвакуациялық шығу есігі бар үлкен бөлмеде орнатылуы қажет;

—  шыршаны қағазбен, мақтамен және тез тұтанатын материалдармен безендіруге болмайды;

—  шырша жанына жылыту құралдарын орналастыруға, ғимарат ішінде бенгаль шамдары мен пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға болмайды;

—  шырша бұтақтары қабырғалар мен төбеден 1 метр қашықтықта орналасуын қадағалау өте маңызды.

Үшінші кезекте Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде келесі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету керек:

— пиротехниканы қосу алаңы мен тұрғын үйлерге дейінгі ең аз арақашықтық 50 метр болуы керектігін және жоғарғы бөлікте ағаштардың, электр сымдарының жоқтығына көз жеткізіңіз;

— пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек;

— балалардың өз бетімен ракеталарды, петардаларды қосуына жол бермеу қажет;

— бұйым қаптамасының мыжылмағандығына немесе деформацияланбағандығына, сондай-ақ жарамдылық мерзіміне назар аудару қажеттігін, пиротехникалық құралдарды құрғақ орындарда және жылу көздерінен алыс жерде сақтау керектігін есте сақтау қажет.

Төртінші кезекте 2023 жылдың басынан бері қала аумағындағы сауда орталықтарында 12 өрт оқиғасы орын алып нәтижесінде 35 млн. 230 мың теңге материалдық шығын келтірілді.

Өрт оқиғалары қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана,кафе,асхана) желдету жүйелерін дұрыс пайдаланбау  салдарынан орын алып отыр. Нақтырақ айтқанда, тағам дайындау барысында бөлінетін бу мен май тұнбалары желдету жүйесінде жиналып, салдарынан жану жағдайларына алып келуде.  Сондықтан, желдету жолдарын жүйелі түрде тазарту жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру объектілерінде жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері жылына 1 рет,

жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері 3 жылда 1 рет тазартылып отыру керек. Ал, көп функционалды кешендерде жергілікті сыртқа тартып және ішке сорып желдету жүйелері – жылына 1 рет,

жалпы ауаны алмастыратын механикалық және табиғи желдету жүйелері – 3 жылда 1 рет тазартылып отыру керек.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams   сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *