Шымкент: «қауіпсіз жаңа жыл» акциясы өтуде

0

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті тарапынан мереке күндері электр қуатына қосылатын жарықшамдарды пайдалануда өрт қауіпсіздігінің алдын алу және пиротехникалық заттарды пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары бойынша өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы баспасөз конференциясын берді.

«Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. «Жаңа жыл» мейрамы халық арасында кең танылған және көп тойланатын мерекелердің бірі. Халық жыл сайын түрлі ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларға барып, мерекелік программаларды тамашалағанды және үй-жайды электр қуатына жалғанатын жарық эффектілері мен гирляндаларға толтырғанды әдетке айналдарып, өрт қауіпсіздігі талаптарын жиі елемейді.

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында  Департамент тарапынан «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы бастау алды. Акция шеңберінде қала аумағындағы мерекелік іс-шара өткізілетін және адамдар көп шоғырланатын объектілерге өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде»,-деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының у.м.а., азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@AKO17/streams   сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *