Шымкентте бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша тындырымды жұмыстар нәтижелі

0

Азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкент қаласында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту қолға алынған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, тұрақтандыру қорына 8,7 млрд.теңге бөлініп, 100 сауда орындарында бірінші қажетті азық-түлік тауарлары нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді. Бағаны негізсіз өсірмеу мақсатында, сауда орындарына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұдан бөлек, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылып жатыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері  Шымкентте  372 жәрмеңке өткізілді. Жалпы қала аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ, баға тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, «Alarko Holding» түрік компаниясы тарапынан инвестициялық құны 650 млн. АҚШ доллар құрайтын, елімізде аумағы жағынан ең үлкен 500 га жерге заманауи жылыжай кешенін құру бойынша меморандум түзіліп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жобаны іске асыру арқылы 5 мыңнан аса жұмыс орындарын құрып, өңірдегі азық-түлік тапшылығы мен қолжетімділігін толығымен шешу көзделген. Нәтижесінде, қаладағы ауылшаруашылық өнімдері экспортының әлеуеті артатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *