Шымкент:қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет

0

Жаңа жылдық мерекеде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен талаптарын сақтау бойынша баспасөз брифингі өтті.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Ерғали Сүлейменов осы бағыттағы жұмыстарды баяндап, қоғамдық тәртіпті сақтауғп шақырды.
Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жылды мерекелеу қарсаңында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды тұрақты атқарып келеді.
– 20 желтоқсаннан бастап департамент тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында “Қауіпсіз жаңа жыл” акциясы бастау алды. Акция шеңберінде қала аумағындағы мерекелік іс-шара өткізілетін және адамдар көп шоғырланатын орындарға өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген, лицензиясы бар орындардан алу қажет. Ғимараттардың ішінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға тыйым салынады, — деді Е.Отарғалымұлы.
Е.Сүлейменов қалалық Полиция департаменті тарапынан 2023 жылдың 25 желтоқсаны және 2024 жылдың 3 қаңтар аралығында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылатынын атап өтті. Қала кәсіпкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға жаңа жылдық мерекелер қарсаңында пиротехникалық заттар мен бұйымдардың белгіленген талаптарын сақтау, бақылау жөнінде жан-жақты ескертілген. Бүгінде қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстары атқарылуда.
Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Спикерлер қала тұрғындарына жаңа жыл мерекесінде қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *