Шымкентте ауыл шаруашылығын дамыту — негізгі мәселенің бірі

0

Шымкентте ауылшаруашылық тауарларын өндіру жақсы дамып келеді. Тіпті үшінші мегаполис бұл саладағы жеткен жетістігі бойынша республикада алдыңғы қатарда.

Бүгінде қала аумағында 6,6 мың адам ауыл шаруашылығымен  айналысатын 3 400-ге жуық шаруа қожалық бар. Олардың басым бөлігі, яғни 60%-ы мал шаруашылығымен айналысады.

Сондай-ақ,  тамақ өнеркәсібі бойынша  50 кәсіпорын   жұмыс істейді.  Онда биыл  40 тонна шұжық, 475,5 мың литр жеміс-көкөніс шырыны, 79,4 мың тонна өсімдік майы, 1,5 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді.

Ал қала аумағындағы жалпы ауданы 139 га құрайтын    жылыжай       халықты маусымдық көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Бүгінде Шымкентте өсімдік шаруашылығы  бойынша   даму  көрсеткіші жоғары.   

Нақтырақ айтсақ, 27,5 мың егістік жер әртараптандырылды.  Осыған орай  дәнді дақылдар-11,4 мың га,   майлы дақылдар – 3,6 мың га,  жемшөп дақылдары – 8,9 мың га,   картоп – 0,5 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 3,1 мың га  егілді.Нәтижесінде егіс көлемінен 87,2 мың тонна өнім жиналды. Оның ішінде  дәнді дақылдар — 16,9 мың тонна, майлы дақылдар – 2,9 мың тонна, көкөніс және бақша дақылдары – 42,5 мың тонна, картоп – 5,7 мың тонна, жемшөп дақылдары – 19,2 мың тонна.

Өсім мал шаруашылығында да  бар.  Ірі қара мал 41,4 мың басқа, қой ешкі – 75,3 мың басқа, жылқы – 10,2 мың басқа, құс – 861,3 мың басқа жетті.  Нәтижесінде ет    9,1 мың тоннаға дейін, сүт   55,2 мың тоннаға дейін жетті.  Сонымен қатар, биыл 11 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, қосымша 7,3 мың тонна сүт өндірілді.

«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес»-деген болатын Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан сөзі. Шымкентте  осы бағыт бойынша да нақты жоспар бойынша жұмыстар атқарылу үстінде.

Шымкент қаласы экономикасының инвестициялық тартымдылығы жылдан жылға артып келеді десек, ауыл шаруашылығына да инвестиция тартуда ауқымды істер жүзеге асты. Нақтырақ айтар болсақ, биыл  жылы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша 13 жоба іске асырылып, 181 жаңа жұмыс орны құрылды.

Тартылған инвестицияның арқасында  3 сүт өңдеу кәсіпорны, 4 бордақылау алаңы және 3 тауарлық сүт фермасы, 1 жеміс-көкөніс өңдеу, 2 жылыжай кешені ашылды 

Нәтижесінде ауыл шаруашылығына негізгі капиталға және азық-түлік тауарларына  12,8 млрд.теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ, шілде айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 168,7 млн. АҚШ  долларын құрады, оның ішінде өңделген өнім көлемінің экспорты 102,7 млн. АҚШ долларын құрады. Ал өңделген өнім көлемінің негізгі бөлігі ұн мен макарон өнімдерінен тұрады.

Ал, алдағы 5 жылда  Шымкентке 6 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. Бұл бағытта нақты жоспар да жасалған. Соның ішінде  ауыл шаруашылығына – 363,9 млрд теңге жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *