МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТҮРЛЕРІ АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШУДЕ

0

Шымкент қаласының әкімдігіне қарасты халықа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 170–і құрайды. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету түрлері автоматты жүйеге көшіп, биылдың өзінде алты сала жаңа форматқа көшті.
Атап айтқанда, олар – ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету, жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді тестілеу.
4 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Оның екеуі – он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру және балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес көрсету нысаны қағаз жүзінде болып белгіленген.
Ал, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы жән жер қатынастары басқармасына тиесілі (жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату) жақын арада өңірлік геоақпараттық жүйеде толығымен электронды форматқа көшетін болады.
Сонымен қатар, халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру үшін I-Shymkent, Шымкент қаласының өңірлік геоақпараттық жүйесі сервистік порталдары іске қосылған. I-Shymkent порталы арқылы әкімдіктің 141 мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алуға болды. Геопортал бойынша 16 мемлекеттік қызмет пен сервистер автоматтандырылып, жыл басынан бері 2000-нан астам мемлекеттік және сервистік қызметтер көрсетілді.
Бұдан бөлек, әкімдіктің мемлекеттік қызметтердің түрлерінің 100-ге жуығын Egov, Damumed және Halyk, Kaspi мобильдік қосымшалары арқылы алуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *