Шымкент: «Сарыбай» спорт кешенінде 1 мың балаға дейін жаттыға алады

0

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шапырашты елдімекенінде жеке кәсіпкердің демеушілігімен салынған «Сарыбай» спорт кешенін аралады.

Жаңа спорт комплексінің жалпы алаңы 2 260 шаршы метрді құрайды. Кешенде 4 спорт зал – үлкен зал, бокс залы, жаттығу залы және зияткерлік ойындар залы қамтылған. Бейнебақылау, тексеру бөлмесі, медициналық кабинеті бар. Ұл-қыздарға арналған 14 арнайы жуынатын, киім ауыстыратын және жаттықтырушыларға бөлмелер қарастырылған.

Аталған кешенде қазақ күресі, дзюдо, бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, спорттық гимнастика бағыттары қамтылады. Мұнда Шапырашты, Өтеміс, Қызылсу және Көктерек елдімекендерінен 1 000 балаға дейін жаттыға алады.

Қала әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, бұқаралық спортты дамытуға атсалысып отырған кәсіпкерге жан-жақты қолдау білдіретінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *