Шымкент: істен шыққан жеделсатылар келесі жылы жаңартылады

0

Қолданыстан шыққан жеделсатыларға қатысты шағымданған тұрғындардың өтінішін ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Отырар шағын ауданындағы № 57 тұрғын үйге арнайы барды.

Техникалық сараптама жүргізген мамандар моделі ескірген мұндай лифттерді өндіретін кәсіпорынның 25 жылдан бері жұмысын тоқтатқандығын анықтаған. Тіпті қосалқы бөлшектері де нарықтан табылмаған. Осыған сәйкес, сараптама комиссиясының қорытындысымен лифтілерді одан әрі пайдалануға рұқсат етілмейді. Бүгінде жеделсатыларды толығымен ауыстыру қажеттігі туындап отыр.

Жергілікті тұрғындармен кездесіп, лифттердің қазіргі жағдайын көрген қала басшысы 4 үйдегі жеделсатыларды жөндеуді келесі жылы модернизациялау есебінен жүзеге асыруды тапсырды. Бұл ретте қала әкімінің тапсырмасын орындау барысында қалалық Тұрғын үй басқармасы тарапынан қажетті құжаттар әзірленіп, бюджеттік ұсыныс беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *