Шымкенттік оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді

0

 Шаһар басшысының мәлімдеуінше, қоғамдық көліктер І топтағы мүгедектерді, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгісі бар аналарды, Тыл ардагерлерін, зағип жандар мен оларды алып жүретін кісілерді бұл күнде тегін тасымалдайды.

Сонымен бірге қазіргі таңда жеті мен он сегіз жастағы мектеп оқушылары жолақы құнының жартысын төлесе, студенттердің билет бағасы 50 теңгені құрайды. Ендігі ретте жергілікті әкімдік халықтың әлеуметтік жағдайын ескере отырып қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтардың санатын тағы да арттырмақшы. Сонымен тегін жүру құқы бар жоғарыдағы кісілерден бөлек биыл 1 мамырдан бастап төмендегі азаматтар автобустарда ақысыз қатынайтын болады.

Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандар, «Қазақстанның Еңбек Ерлері», ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар, 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, саяси қуғын-сүргiн құрбандары, ІІ топ мүгедектері, мүгедектігі бар балалар, 70 жастан асқан зейнеткерлер, мектеп оқушылары.

Өз кезегінде қала әкімі жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мен оның сапасы әкімдіктің тікелей бақылауында тұрғанын, осынау қызметті жақсартуға атқарушы билік тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын жеткізді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтардың қатарын көбейту туралы шешім қабылдады. 

Олар:
1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар;
5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
6) 1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
9) мүгедектігі бар балаларға;
10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;
11) оқушылар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *