Шымкент: тәуелсіздік күніне орай өрт сөндіру депосы ашылды

0

Атаулы күн қарсаңында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің қатысуымен заманауи үлгіде бой көтерген өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті. №3 бөлім  Түркістан көшесінде орналасқан ғимараты апатты деп танылған бұрынғы депоның орнына салынды. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен бой көтерген 4 автокөлікке арналған депо өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Мұнда түрлі авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылатын ірі техникалар орналастырылады. Бөлімде 68 қызметкер жұмыс істейді. Жеке құрам үшін оқу сыныбы, демалыс, жатын бөлмелері, ас үй, акт залы, спорт залы, техникалық және әкімшілік үй-жайлар қарастырылған.

Бүгінде қалада 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, теңгерімдерінде 114 арнайы техника бар. Күн сайын жеке құрамнан 146-ға жуық адам тәуліктік кезекшілікке шығады. Айта кетейік, қараша айында Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылған болатын. Қазір мұндай бөлім Сайрам тұрғын алабында салынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *