Түркістан: Жетісайда еңбек адамдары ардақталды

0

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі аясында жаны нәзік болса да ерлермен иық тіресе саналы ғұмырын өңіріміздің өркендеуіне, тазалық жұмыстарының сақталуына арнаған еңбек адамдарын мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Бүгінде бір-бір әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарға ыстық лебіздерін білдірген аудан басшысы мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.

Бүгінде зейнет жасына жақындаса да ұрпақ тәрбиесінен, қоғамдық орындар мен қала, кент, елді мекендердің тазалық жұмыстарынан шет қалмайтын, талай-талай аумалы-төкпелі заманды басынан өткізген ақ жаулықты аналар аудан басшысының арнайы құттықтап келгендеріне ризашылықтарын білдіріп, елді өркендету бағытындағы игілікті бастамаларына сәттілік тіледі. Естелік суретке түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *