Түркістан: Cайрамда ғасыр жасаған аналар ақ батасын берді

0

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Ақбұлақ, Қарамұрт және Көлкент ауылының жасы 100-ден асқан тұрғындары Қуандықова Қызылкүл, Төлегенова Тотай, Юлдашева Сулув әжелердің шаңырағына арнайы барып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Сіздердің әрбір жүріп өткен жолдарыңыз өскелең ұрпақ үшін өшпес өнеге.  Баршаңыз жер бетіндегі жақсылық атаулыға лайық жандарсыздар. Сіздер өмірді нұрға толтырып, шаңыраққа шаттықтың сәулесін себесіздер. Шынайы қолдауларыңыз арқылы жүрегімізге жылылық, сенімділік ұялайды. Қашанда шаңырақтарыңыздың ұйытқысы болып, үйлеріңізден жылулық кетпесін. Отбасыларыңызға береке, бірлік тілеймін!», деді аудан басшысы Арман Сәбитұлы.    

Асыл аналарға аудан әкімінің арнайы құттықтау хаты мен сыйлықтарын табыстап, иығына ақ жаулық жапты. Өз кезегінде, ғасыр куәсі атанған алтын құрсақты аналар ұрпақтарының көрсетіп жатқан құрметіне аналық алғыстарын айтты. Ауданды өркендету бағытындағы жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *