Шымкент: сән көрмесі ашылды

0

Шымкент қаласында SHYMKENT POP UP STORE сән көрмесінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтті. Қазақстанда жасалған өнімдерді дамытуға және қолдауға бағытталған бұл шараның  қаламыз және жалпы еліміз үшін маңызы зор.

Көрме аясында қала тұрғындары  шектеулі шығарылымдағы киім, аяқ киім, аксессуарлар мен тоқыма бұйымдарын сатып ала алады. Сондай-ақ үш күн бойы жаңа дизайнерлік топтамалардың фэшн-көрсетілімі, көрме қатысушыларының мастер-кластары, SHYMKENT POP UP STORE қатысушылары мен серіктестерінен керемет жеңілдіктер,  ұтыс ойындары ұйымдастврылмақ.

—Жобаға түрлі дизайнерлер өз өнімдерін әкелді.Отандық өнімдерден бөлек көршілес елден де дизайнерлер қатысып отыр. Бұл көрсетілім қала халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ерекше сән үлгілерін ұсынады. Сондай-ақ демеушілеріміз арқылы көптеген бағалы сыйлықтарды ұту мүмкіндіктеріңіз де бар. Ұтыс ойынына SHYMKENT POP UP STORE қатысушыларының бірінен кем дегенде 20 000 теңгеге сатып алған, көрмеге келген әрбір келуші қатыса алады. Әр 20 000 теңгеге билет беріледі. Яғни, сіз 40 000 теңгеге киім сатып алсаңыз, онда сізге 2 лотерея билеті беріледі. Ұтыс ойыны көрменің соңғы күні, жексенбі 3 наурызда сағат 18:00-де өтеді, — деді жобаның ұйымдастырушысы Дина Нұралиева.

Сән көрсетіліміне  Халықаралық көрмелерде Қазақстанның  атын шығарып жүрген «ASPARA»

LYAMIRE STORE, АНАСТАСИЯ РОМАНОВА сынды брендтер өз өнімдерін ұсынбақ.

Айта кетейік, Shymkent Pop Up Store  көрмесі үш күн бойы  сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін «ЦУМ» сауда үйінде өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *