Шымкент: төрт елдімекенде жаңа мәдениет үйлері салынады

0

 Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатқанына назар аударған Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі – өнер адамдарына қолдау көрсету екенін атап өткен болатын. Президент тапсырмасы аясында қалада мәдениет пен өнерге серпін беру барысында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

 Халықаралық деңгейде мәдени іс-шаралар өткізетін заманауи Конгресс холдың құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ келесі жылы қала орталығынан шалғай орналасқан 4 елдімекенде жаңа мәдениет үйлері салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Опера және балет» театры жаңа ғимаратын салу қарастырылуда. Аталған ұйымға аты әлемге әйгілі Майра Мұхамедқызы басшылық жасап отыр. Бұл саланың дамуына тың серпін береді деген ойдамыз», – деді қала әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *