Жыл соңына дейін Шымкент елдімекендері табиғи газбен 96 пайыз қамтылады

0

Қаладағы өзекті мәселелердің бірі – инженерлік инфрақұрылым. Биыл қаланы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, елдімекендерде ауыз су, электр жүйесі, табиғи газ бен кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде, қала тұрғындары 65 пайызға кәріз жүйесі, 96 пайыз табиғи газ, 99 пайыз ауыз су және 100 пайыз электр жүйесімен қамтылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді. 

Көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында айналма және магистральды жолдардың өткізу қабілетін арттыратын бірқатар ірі жоба іске асырылуда. Ташкент – Алматы – Түркістан бағыттарын қала орталығымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомобиль жолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарының құрылыстары жүргізілуде.

Биыл 232 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жоспарланып, 10 айда 210 шақырым жол пайдалануға берілді. Нәтижесінде, жыл соңына дейін жақсы жолдардың үлесі 71 пайызға жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *