«Есігімді қаққан кім?»: қойылым қоғамдағы өзекті мәселені қозғады

0

Бүгін Шымкент қалалық орыс драма театрында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерінің қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» драмасы сахналанды. Қойылым қалалық дін істері басқармасының тапсырысымен теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру және діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Спектакльдің қоюшы режиссері М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың оқытушысы Айна Емқұлова діни тақырыптағы қойылымды сахналап, көрерменге жеткізу үшін көп ізденістің қажет болғанын алға тартты.

Қойылым қарапайым қазақы отбасының ынтымағы жарасқан  күндердің көрінісінен басталады. Жандары жайдары, көңілдері тоқ үй иелерінің тыныштығын үстіне тұтастай қара киініп келген сол үйдің қаракөз қызы Гүлнұр мен қысқа балақ, қауға сақал  қос жігіт бұзды. Перзенттерінің суық түсінен әкесі Кәрім де қорқып кетті.  Осы сәттен бастап отбасы мүшелерінің арасында діни көзқарастың қайшылығынан айтыс-тартыстар басталады. Қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын жоққа шығарды. Кәрімнің 12 жасар қызын да тұтастай қара киіндіріп, өздерімен жиһадқа алып кетеді. Ата-анасына қарсы келіп, бауырларын соңынан ерткен бас кейіпкер қателігін кеш түсінді. Діни сауаттың төмендігі бір отбасын ойран етті…

Қойылымның дайындығына екі айдай уақыт кеткен. Оған 20-дан астам студент қатысып, өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдады. Актерлік шеберлігімен қоғамдағы өзекті проблеманы жеткізе білген шығармашылық топ көрермен қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, алдағы уақытта қойылым қаладағы оқу орындарында да сахналанады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *