60 кәсіпорында жұмысшылардың жалақы қарыздары төленді

0

Биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуы бойынша жеке және заңды тұлғаларддан түскен 1360 арыз-шағымды қарастырып, 277 тексеру жүргізді. Соның  нәтижесінде 538 заңбұзушылық анықталды. Осы заң бұзушылықтар бойынша 14,2 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Басқарма басшысы бүгінге дейінгі есепті кезеңде 60 кәсіпорындағы 978 жұмыскердің 460,3 млн.теңге жалақы қарыздары төленгенін атап өтті.

–Шымкент қаласының кәсіпорындарында 17 жазатайым оқиға орын алып, 20 адам зардап шекті. Өндірістерде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жобаларға, атап айтқанда, «Халықтық бақылау», «Тік бақылау», нөлдік жарақат тұжырымдамасына қала кәсіпорындары белсенді қатысуда. Өздеріңізге белгілі, ел бойынша еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдануын жеделдетуге тапсырма берілді. Қазіргі уақытта тұжырымдама жобасы әзірленіп, оны іске асырудың жол картасы бекітілді, – деді Б.Ахметәліұлы.

Айта кетейік, қалада зиянды және қауіпті 2112 жұмыс орны еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациядан өтіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар 144 кәсіпорынға енгізілген. Сонымен қатар, бес кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *