Әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарға сай атқарылуда

0

Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан әлеуметтік нысандар құрылысы жоспарға сай атқарылуда. Атап айтқанда, білім саласында 2023 жылы 7 нысанның құрылысын жүргізіп, 6 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған болатын. Қалған 1 нысанның (Тұран шағынауданындағы оқушылар сарайы) құрылысы 2024 жылға өтпелі.

10 айдың қорытындысы бойынша 5 нысан пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, Нұрсат шағынауданындағы Оқушылар сарайы, № 8, 45, 65 мектептерге қосымша ғимарат және Майлин көшесі №4 мекенжайында орналасқан өнер мектебі тұрғындар игілігіне берілді. Сайрам шағынауданы №10 колледждің қосымша ғимаратының құрылысы жыл қорытындысымен пайдалануға тапсырылады.

Бұдан бөлек, 10 айдың қорытындысымен 3 спорт нысаны пайдалануға тапсырылды. Олар – Металлург стадионы, Бозарық шағынауданындағы ауыр атлетика мектебі және Желтоқсан көшесіндегі №22 медколледж спорт залы. №12 спорт мектебінің қосымша ғимарат құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Мәдениет саласындағы 1 нысанның – Шымкент сити шағынауданындағы Конгресс-холл құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға беріледі.

Денсаулық сақтау саласында 1 нысанның (Қазыбек би көшесі, 36 мекенжайдағы стационар құрылысы) құрылысын аяқтауға қаржы қаралып, мекеме құрылысы толық аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *