Қуатты өңірлер – қуатты ел: Шымкент, 2023 ж. Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс

0

Орталық коммуникациялар қызметі 2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерімен бірлесіп қолға алған жобаның кезекті материалы республикалық маңызы бар қала – Шымкентке арналған. Қала тұрғындары үшін 2023 жылдың ең жақсы жаңалығы, әрине, биылғы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Шымкент қаласын 2035 жылға дейінгі дамытудың жаңа бас жоспарын бекітуі болды.
Бұл қалаға не береді?
Біріншіден, еліміздегі үшінші мегаполистің дамуы енді қатаң түрде жоспарға сай жүреді. Еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірін кешенді дамыту аясында тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды, жаңа индустриялық аймақтар пайда болады, айналма теміржол желісі мен тәулігіне 20 мың жолаушыны өткізу қабілеті бар вокзал салынып жатыр. Қаланы кеңінен көгалдандыру бойынша шаралар қарастырылған.
Екіншіден, қала экономикасы салаларының дамуы өнімділікті арттыруды, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруды, отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруды қолдауды қамтамасыз ететін тиімді индустриялық, инфрақұрылымдық, инвестициялық және сауда саясатын жүзеге асыру арқылы, қолданыстағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тиісті инфрақұрылымды дамыту жалғасады.
Үшіншіден, өндірістік аумақтарды жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлінетін болады. Осылайша, 2035 жылға қарай олардың аумағын жаңа индустриялық аймақтар салу есебінен 5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, онда 14 перспективалы индустриялық кластер дамиды.
Сондай-ақ экологиялық қауіпті аймақтар жойылып, Бадам, Қошқарата, Қарасу және Сайрамсу өзендерінің су қорғау белдеулері мен аймақтарының жобалары әзірленеді. Тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің кең спектрімен қамтамасыз ететін Next Generation Network технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін кеңейту және жаңғырту жоспарлануда.
Жалпы, қала тұрғындарының өмірін жайлы ететін көптеген істер жоспарланған.
Бүгінгі жағдайы. Оңтүстік мегаполис республикалық маңызы бар басқа қалалармен қалай бәсекеге түсе алады?
Көп нәрселермен. Бірақ ретімен бастайық. Қала экономикасының негізін өнеркәсіп пен кәсіпкерлік құрайды.
Мемлекет басшысының өңір экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Шымкентте 34 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен 229 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50%-ға жетті. 2023 жылы кәсіпкерлікті дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында 20 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 18,8 млрд теңгенің 3400 жобасы қолдау тапты.
Бүгінгі таңда 5 өндіріс алаңында 273 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ, 867 гектар аумақты құрайтын 5 жаңа өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде, бұл қаланың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды және агроөнеркәсіптік аймақтарына қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде.
Оң динамика өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. 2023 жылы 8 жоба жүзеге асырылып, 443 жұмыс орны ашылды.
Көлік инфрақұрылымы да жергілікті биліктің назарында. Қала әкімдігінің айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *