Шымкентте ұлттық валюта күні аталып өтті

0

Бүгін Шымкентте  Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының төл мерекесіне арналған іс-шара өтті. Салтанатты жиынға  қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов қатысып, барша қаржыгерлерді мерекемен құттықтады.

– Төл теңгеміз мемлекеттің дамуында маңызды рөлін атқарады. Мемлекетаралық қатынастарды орнықтырып, қаржы операцияларын орындауы мұның айқын дәлелі. Қаржы саласындағы мыңдаған қызметкерлердің еңбегімен айналымдағы теңгеміз қаншама жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан да бүгінгі мерекемен қаржы саласының барша қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, еселі еңбек тілеймін, – деді А.Кәрімов.

Бұдан бөлек, қала әкімінің орынбасары қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, осы салаға еңбек сіңірген зейнеткер қаржыгерлер мен сүбелі еңбектері үшін бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттап, сый сияпат табыстады. Мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасында да  төл теңгемізге арналған сурет байқауы өткен.  Салтанатты жиында сурет байқауының жеңімпаз оқушылары да марапатталды.  Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып,, көрерменді әуезді әнмен мерекелік көңіл-күйге бөледі.

Айта кетейік, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз айналымға енген. Биыл төл теңгемізге — 30 жыл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *