Шымкент: VI жазғы спартакиада: шымкенттік таеквондошылар жарқын жеңіске жетті

0

Астанада таеквондодан республикалық VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 179 спортшы бәсекеге түсті. Жарысқа 113 ер, 76 бұрымды қатысты. 

Бәсекеде еліміздің спортшылары 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

Республикалық сайыста жергілікті таэквондошылар үшінші мегаполис намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді.

Ерлер арасында:

Абдурахман Марипов — 74 келі, 1-орын;

Абабакиров Самирхон — 63 келі, 1-орын;

Қожахмет Нұрқанат — 80 келі, 2-орын;

Бегзод Кадиркулов — 54 келі, 3-орын;

Жавохирхон Исламов — 58 келі, 3-орын;

Дүйсебай Смайыл — +87 келі, 3-орын.

Әйелдер арасында:

Феруза Ергешова — 73 келі, 2-орын;

Ясмина Нарбаева — 62 келі, 3-орын.

Жазғы спартакиада төрт жыл сайын жалауын түреді. Биылғы спартакиадада Шымкент спортшылары 72 алтын, 63 күміс, 56 қола медальмен жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Жалпы жарыс 27 спорт түрінен өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *