Бакуде Шымкент қаласының туристік роуд-шоуы ұйымдастырылды

0

Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризм саласын дамыту мақсатында Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында туристік бизнес өкілдеріне арналған ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды. Роуд-шоуға түрлі туристік және ақпараттық орталықтардың 60-тан астам өкілі қатысты.

Қатысушыларға Шымкенттің көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, «Шымкент шайы» мен ұлттық тағамдардың гастрономиялық дәм-татулары ұсынылды.

В2В кездесулер нәтижесінде туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, бірлесе жұмыс істеу шаралары келісілді.

Айта кетейік, 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкент қаласына 200 мыңнан аса турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарланып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *