Республика күнінде шымкенттіктер көптеген мерекелік іс-шаралардың куәсіне айналады

0

Шымкент қаласында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мөлдір Кеуенова мәлімдеді.

–Өздеріңізге белгілі 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Республика күніне «ұлттық мереке» мәртебесін қайтаруды ұсынаған болатын. Биыл міне, аталған мереке елімізде екінші рет аталып өткелі жатыр. Осыған орай Шымкент қаласында Республика күні мерекесін жоғарыда деңгейде ұйымдастыру және атап бойынша арнайы іс-шаралар жоспары жасалды.  Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүігінгі таңда қала аумағында мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы жоспар аясында мерекелік және патриоттық-тәрбиелік маңызы бар көптеген іс-шаралар өткізілетін болады, – деді Мөлдір Тұрсынбекқызы.

Атап айтар болсақ, ұлттық мереке қарсаңында «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында «Патриотизм дауысы» атты патриоттық әндер челленджі; «Дебаттық қозғалыс» жобасы аясында «Мен өз елімнің азаматымын!» атты қалалық дебат турнирі және жастар арасында зияткерлік конкурстар ұйымдастырылады.

– Жалпы мерекеге орай қаланың барлық 5 ауданында арнайы мерекелік концерттік іс-шаралар, көрмелер мен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады, – деді М.Кеуенова.

Атап айтқанда, Абай ауданында – 25 қазан күні сағат 12:00-де «Асар» аллеясында; Әл-Фараби ауданында – 24 қазан күні сағат 11:00-де Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда; Еңбекші ауданында – 23 қазан күні сағат 12:00 Ш.Қалдаяқов атындағы Облыстық филармонияда, Қаратау ауданында – 25 қазан күні сағат 11:00-де Сайрам тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағында және Тұран ауданында – 24 қазан күні сағат 15:00-де «Жастар ресурстық орталығында» мерекелік іс-шара  өтеді.

Сонымен қатар, қала бойынша бірнеше шағын аудандар мен тұрғын алаптарда 15 балалар ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілетін болады.

Ал, 25 қазан күні сағат 10:00-де «Тәуелсіздік» саябағындағы «Мемлекеттік рәміздер алаңында»  Мемлекеттік салтанатты ту көтеру рәсімі өткізілетін болады.

Брифинг барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Алмас Керімбеков Республика күніне орай ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар жайлы айтып берді. 

– Қалалық кітапханаларда «Байтақ далам, туған жерім, киелім!», «Ақын – елдің ардағы» мерекелік кеші, «Қыран далам – Қазақстан!» бейне ролик көрсетілімі, «Асқақтай бер – айбынды Қазақстан», «Мәңгі жаса қыран елім», «Жайна, жаса менің – Қазақстаным» атты мерекелік әдеби кештер өткізіледі. Бүгін ғана Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ақ орамал» атты этно-танымдық симпозиумы өткізілді. Одан бөлек, Шымкенттегі 5 мәдениет үйінде «Менің Отаным – Қазақстан!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы, Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігі және Сайрам мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Шымкент палау» халықаралық фестивалі өтеді, – деді Алмас Ерғалиұлы.

Оның айтуынша, Ж. Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрында «Абылай ханның арманы» драмасы сахыналанады. Ал, 24 қазан күні сағат 16:00- де Түркістан сарайы концерттік залында «Менің Қазақстаным!» атты Республика күніне арналған салтанатты концертін ұйымдастырып өткізу жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *