Шымкентте 569 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген

0

Шымкент қаласында биыл 9 айда 559 063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді.

–Жалпы биыл қала аумағында 1 миллион 74 мың 362  шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға қабылдау жоспарланған. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 559 063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде 186 343 шаршы метрі жеке инвесторлардың есебінен салынған тұрғын үйлер болса, 42 100 шаршы метрі қалалық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынған үйлер.  Сонымен қатар жеке сектордағы құрылыс есебінен 161 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды, – дейді Н.Жүнісбеков.

Басқарма басысының айтуынша, 2023 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы орган 9 компанияға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берген. Оған қоса бүгінде өткен жылы жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 23 құрылыс компаниясы және біріңғай оператордан рұқсат алған 11 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын тарта отырып тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *