Шымкентте алғаш рет қуыршақ театрларының халықаралық фестивалі өтіп жатыр

0

Шымкентте қуыршақ театрларының І халықаралық «Puppetland» фестивалі басталды. Фестивальде Армения, Польша, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Чехия, Эстония, Тәжікстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен келген өнер ұжымдары бес күн бойы өнер көрсетіп, қала тұрғандарына өз қойылымдарын ұсынатын болады.

Айтулы шара Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Арбат алаңында өткен ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысып, өнер ұжымдарын құттықтады.

–Бүгінгі өнер мерекесі парасатты әрі білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқан Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдық мерейтойына арналған. Фестивальдің негізгі мақсаты – отандық қуыршақ театры өнерінің дамуына ықпал ету, әртістеріміздің кәсіби деңгейін арттыру. Сондай-ақ, мұндай шаралар қуыршақ өнер саласындағы халықарылық мәдени байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Бүгінгі мерекеге әр елдің үздік қуыршақ театрлары жиылып отыр. Дарынды режиссерлардың қойылымдары мен актерлердің өнері көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, балалардың есінде ұзақ уақыт сақталып қалатынына сенімім мол, – деді Қуаныш Асылов.

Мұнан кейін қалалық орыс драма театрында баспасөз конференциясы мен театрлар арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға қол қою  рәсімі өтті.

Айта кетейік, фестивальге шет елдерден келген 13 өнер ұжымы және еліміздің 7 қуыршақ театры қатысып жатыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *