Шымкент: қысқа дайындық және қауіпсіздік шаралары пысықталды

0

Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жоспарлы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде осы бағыттағы бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Қыс маусымында халықты, қала аумағындағы мекемелерді сапалы табиғи газбен, жылумен, электр қуатымен қамтуда, оқыс жағдайларды алдын алуда атқарылған жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ жауаптылар көлік жолдарындағы қозғалысқа қолайлы жағдай жасау бағытындағы шараларды баяндады.

Көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке ғимараттарда сирень-сөйлеу құрылғыларын орналастыру, пиротехникалық заттарға қатысты қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары қарастырылды. Сонымен қатар, комиссия отырысында қала аумағындағы хостелдердегі өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері баяндалып, құзырлы органдарға келеңсіздіктерді алдын алуда нақты тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысында қала халқының қауіпсіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді шешуде, төтенше жағдайлардың алдын алуда шұғыл түрде шаралар қабылдау бойынша бірқатар тапсырма жүктелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *