Шермаханбет пен Сыздықовты жерлестері зор қошеметпен қарсы алды

0

Ханчжоуда (Қытай) өткен XIX Жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының балуандары 1 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Күміс жүлдегер Мейіржан Шермаханбет және қола жүлдегер Әлімхан Сыздықовты Шымкент темір жол вокзалынан жерлестері зор қошеметпен күтіп алды. Іс-шараға жеңімпаз спортшылардың ата-анасы, басқарма басшысы, спорт мектебі басшылары және жанкүйерлер жиналды. Демеушілер тарапынан спортшылар мен олардың бапкерлеріне шапан жауып, құрмет көрсетілді.

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев спортшыларды жүлдесімен құттықтап, грек-рим күресі балуандары жеңісті дәстүрді жалғастырғанын атап өтті.

– Қос балуан Азия ойындарында да жеңісті дәстүрді жалғастырды. Алда жауапты бәсекелер бар. Сол сындарда спортшылар сенімді ақтайды деп сенім білдіреміз. Жалпы шымкенттік спортшылар кезекті Азия ойындарында оң нәтижелерге қол жеткізуде, – деді басқарма басшысы.

Ұлттық құрама сапынан 67 келіде Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 130 келіде Әлімхан Сыздықов бұл жолы қола жүлдемен оралды.

Балуандардың бапкерлері алда жаттығуды күшейтіп, Олимпиада жолдамасы үшін дайындықты бастайтынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *