Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрмеңкеде 2000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

0

Шымкентте “Тең Қоғам” әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі» орталығы және  «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы ұйымдастырған

“Кедергісіз келешек” жобасы аясындағы іс-шарада 2000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге қаладағы білім, медицина, сауда, қаржы, кәсіпорындар мен басқа да салаларда қызмет көрсететін 30- дан астам жұмыс беруші мекеме қатысты.

Жәрмеңкеге Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева қатысып, жұмыс беруші мекемелер тарапынан жұмыссыз азаматтарға ұсынылып отырған бос жұмыс орындары мен еңбек шарттарымен танысты. Ұйымдастырушылар бірінші кезекте  жұмысшы қауымның мүддесін қорғауды көздеуде. Шара барысында жетекші партия мен басқарма басшылығы жұмыс іздеушілерге «Кедергісіз келешек» жобасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізді.

Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат — мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасап, жұмысқа орналасуларына қолдау көрсету.

Шымкентте биыл бұл мақсатта “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде,

1821 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Сонымен қатар, биылғы жылға қала әкімінің«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа  орналастыру” квотасы бойынша 50 мекемеге  227 бос орны белгіленген болатын.  Бүгінде 37 жұмыс беруші мекемеге 110 адам жолданды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *