Ең алдымен, халық сұранысына сай салаларға басымдық берілген. Инвесторлар жарықтандыру, таза ауыз судың қолжетімділігін арттыру және шөлді аймақтарды көгалдандыру жолымен жерді қалпына келтіру жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Бас консулдық келіссөздерді ұйымдастыруға, консультациялық қызметтер көрсетуге және тараптардың өзара іс-қимыл процесін сүйемелдеуге қол ұшын созуға дайын екендерін жеткізді.

Сиань су компанияларының тобы ауыз суды тазарту технологияларын инвестициялауға, арнайы қондырғыларды, дренаждық жүйелерді салуға және басқаруға, тұзды және шөлді жерлерді сумен қамтамасыз етуге, ластанған су қоймаларын тазартуға және өңдеуге маманданған. Компания шойын құбыр төсеумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін қалпына келтірумен, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттырумен айналысады. Сондай-ақ экологиясы нашар аумақтарда экожүйені қалпына келтіру және арнайы өсімдіктердің тұқымын өсіру технологиясын меңгерген әлемдік жетекші өндіруші кәсіпорын. Компания әр жобасының тиімділігін ғылыми тұрғыда дәлелдеумен, топырақтың құнарын жақсартумен шұғылданады. Елді мекендерді көгалдандырып, ну орманға айналдыруға маманданған.

Таяуда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған ресми және іскерлік делегациясы Қытай еліне жұмыс сапарымен барып, бұл елдің бірнеше провинциясымен бауырластық меморандумына қол қойылған болатын. Көптеген жетекші кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысып, 20-дан астам компаниямен бірлескен инвестициялық жобалар бастауға келісім жасалды. Осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Өңірлік байланыстарды күшейту мақсатындағы жұмыстар жалғасады.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *