Ірі өндірістік жобалардың қатарында қуаттылығы 926,5 МВт құрайтын бу-газ қондырғысы, мұнай өңдеу зауыты, каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығару зауыттары, күкірт қышқылын өндіру зауыты, жүгеріні терең өңдеу зауыты, ауыз су және түрлі-түсті сусындарды шығару зауыты мен текстиль кластері зауыттары бар.
Ағымдағы жылдың 6 айында макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары өсім көрсетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 106,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 111,2%-ға ұлғайды. Экономикаға тартылған инвестициялар көлемі 137,8%-ға өсті. Нәтижесінде мыңға жуық жұмыс орны ашылып, өңірде өнеркәсіп жанданып келеді.
Осы жұмыстардың нәтижесімен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Олардың қатарында текстиль кластерін құру бойынша ірі жобалар бар. Қуаттылығы 800 МВт құрайтын күн және жел электростанциясының құрылысы, Түркістан қаласында 5 жұлдызды қонақ үй, бизнес орталық және аквапарк құрылысы жоспарланған.
Сонымен қатар бұл елмен ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, озық технологиямен қамту, терең өңдеу, білім, мәдениет, туризм, Түркістан қаласындағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізді. Түркістан облысымен бірқатар провинция арасында бауырластық, достық қатынастарды орнату туралы меморандумдарға қол қойылды. Онымен қоса, облысқа шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында көкөніс қоймасының құрылысы, құрылыс материалдар өндіру зауытының құрылысы, аурухана ашу, ірі қара мал терісін өңдеу өндірісін ашу, жиһаз шығару, дрондарды құрастыру және санитарлық-гигиеналық материалдарды өндіру зауытын ашу секілді бірқатар меморандумдарға қол қойылды.