«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, белгіленген міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Жолдауда жүктелген міндеттердің орындалуының қатаң қадағалауда болатынын айтты.

Бұл жолғы стратегиялық құжаттың тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Айқындалған 9 міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды.

– Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизим» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 9 бағытты айқындап берді десек, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бәріміз жұмыла атсалысуға тиіспіз. Президент айқындап берген бағыттар әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді. Мемлекет басшысы балаларды құмар ойынға тартқандарға және кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның күшейтілгенін ескертті. Сондықтан білім басқармасы, аудан, қала әкімдері және полиция департаментімен бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдау қажет, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар облыс әкімі Жолдауда қай бағыттарға басымдық берілгеніне де тоқталды.

 Айқындалған жаңа міндеттерді түсіндірген басшысы облыс жұртшылығы тарапынан Мемлекет басшысының Жолдауы үлкен қолдауға ие болғанын айтты.  

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *