Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды 30 тамыз – Конституция күніне арналған салтанатты шарада өңірдің бірқатар жетістіктеріне тоқталды.

Қасиетті қалада түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналды. Биыл Түркістан қаласы түркі әлемінің туристік астанасы болып жарияланды. Киелі қалаға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Алдағы уақытта бұл құжат өңірдің дамуына айрықша серпін бермек. Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде.

Облыс экономикасының басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 2,9 трлн теңгеге жеткен. Ауқымды өндіріс орындарын қалыптастыруға энергетика тапшылығын шешу үшін маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Сайрамда 1 000 МВт станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станциялары, Сауранда 300 МВт күн электр станциясының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жаңа өнеркәсіп көздерін ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етеді. Электр энергия бағасы 47 теңгеден 25 теңгеге түсірілді.

Өнеркәсіп өнім көлемі биыл 7 айда 6,6 пайызға артып отыр. Сауран ауданында 100 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерде 160 өндірістік ғимарат салынып, 100 астам инвестициялық жоба іске қосылады. Нәтижесінде 5 000 жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда парк аумағында жиһаз фабрикасы іске қосылды, жаңбырлатып суғару қондырғылары өндірісі ашылды, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *