Қазақстан мен Өзбекстан  арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ҚТЖ ұйымдастырған ерекше туристік тур екінші сапарын сәтті аяқтауға жақын. Алматыдан шыққан туристік сапарға бұл жолы да 115 турист “Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы” бағытында жүріп, бүгін Шымкентке келіп жетті. Жолаушыларды Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысы, Визит Шымкент туристік ақпараттық орталығы мамандары күтіп алып, қаланың қонақжайлығын көрсетті.

-Жоба Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Жобаны дамытуға ҚР Көлік министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Түркістан облысының әкімдіктері, сондай-ақ, «Өзбекстан темір жолдары» компаниясы серіктес ретінде үлес қосты. Жолаушыларға осы қалалардағы тарихи нысандарды аралауға мүмкіндік береді. Біз де Шымкенттің туристік нысандарын аралатып, өңірдің  әлеуетін таныстырмақшымыз. Шымкент бұрыннан дәмді дәмханаларымен танымал. Келген қонақтарға дәм тарттыру жоспарда бар, — дейді басқарма басшысы Бексұлтан Әділханов.

Бұл туризм саласындағы маңызды қадам екі ел арасындағы серіктестікті нығайту мен аймақтың туристік әлеуетін әлемге паш етуге бағытталған. Турға қатысушыларға Қазақстан мен Өзбекстанның көрікті жерлерімен танысу, екі елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сезіну мүмкіндігі берілді.

Шымкент және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл бастаманы қолдай отырып, туризмнің дамуына тың серпін беруге атсалысты. Аймақтағы көне тарихи орындар мен заманауи көрікті жерлер қонақтарға көрсетіледі. Бұл жоба екі ел арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, туризм саласының жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

Туризмді дамыту мен көршілес елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету – болашақта мәдени-экономикалық қатынастарды бекемдеуге жол ашады. ҚТЖ және серіктестерінің бірлескен жұмысы арқылы бұл бастама екі елдің де туризм саласындағы мүмкіндіктерін айқындай түсті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениет пен туризмді дамыту бағытындағы мұндай маңызды қадамдар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *