Бұл туралы үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте Үкімет басшысының орынбасары — Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалары бар 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдермен қамтылды. 2025 жылдың басынан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5%-ға индекстелетін болады. Жалпы, 2025 жылға арналған республикалық бюджетте балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеуге 875,1 млрд теңге қарастырылған, — деді Байбазаров.

Сонымен қатар министр аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасатынын айтты.

1 қарашада атаулы әлеуметтік көмекті 76,0 мың отбасы немесе 403,0 мың адам алды. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау шеңберінде азаматтардың шығыстарын ескере отырып, отбасының цифрлық картасын пайдалану арқылы атаулы әлеуметтік көмектің трансформациясы, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен біріктіру күтіп тұр, — деді Нұрлан Серікұлы.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *