Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы, Орталық Азия бойынша координаторы Серхан Актопракмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымымен өзара әрекеттестік, оның ішінде шетелдік азаматтардың көші-қоны және тіркеуі, шекаралық бақылау, заңсыз көші-қонның, адамдарды заңсыз тасымалдаудың және қанаудың алдын алу сияқты ынтымақтастық салаларының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Министрдің орынбасары халықаралық ұйымның өкіліне Орталық Азиядағы көптеген көші-қон мәселелерін шешуге бағытталған Алматы процесіне белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін алғысын білдірді.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *