Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.

Тараптар ағымдағы жылдың мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурдағы мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.

«Сингапур Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып қалуда. Қазақстан Сингапурмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі. Өткен жылы екіжақты тауар айналымының көлемі 1,8 млрд АҚШ долларын құрады және өзара сауда сапасын арттыру арқылы біз бұл көрсеткішті арттыра алатынымызға сенімдіміз», – деп атап өтті Ә.Бақаев.

Министрдің орынбасары сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық серіктестік сияқты негізгі бағыттарды қамтитын Сингапурмен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Сингапурлық дипломатқа екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің алғыс хаты табыс етілді.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *