Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іссапармен барды. 

Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.

Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан  ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ пен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. «Салқын су» балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсіппен айналысқан шаруа қожалығында бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетеді,  салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.

Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды «Шин ноң» тәтті жүгері  жүгеру зауыты жұмыс істейді.  350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады.

Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар «Кен юань» саңырауқұлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай Халық Республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады.

Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екіжақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрика жұмыс істейді деген жоспар бар. Сапар апта соңына дейін жалғасады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *