Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №135 жалпы орта білім беретін мектебі ұлттық құндылықтарға ерекше мән береді. 2020 жылы пайдалануға берілген мектепте алғашқы жылдары 500 оқушы болса, қазіргі таңда 2600 шәкірт білім алуда. №135 жалпы орта білім беретін мектебінде 25 үйірмеде оқушылар киіз үй құрастырып, жүн түтіп, жіп иіріп, қамшы тоқуға машықтанады Мұнан бөлек домбыра үйреніп, би билеп, спорттың бірнеше түрімен де шұғылдануға мүмкіндік жасалған. Ұстаздар осылайша балалардың бос уақытын ұтымды пайдаланып, рухани дамуына, бойларындағы қабілеттерін ашуға басымдық берген.

Дәл осы мектепте дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ұстаздар қауымына арналған ерекше семинар жыл сайын өтеді. Басты мақсаты біліктілікті арттыру, алғыс хатпен марапатталу емес. Ұлттық болмысты дәріптеу, ұлттық кодты сақтау, оны шәкірттерге үлгі ету болып табылады. Бүгінде бұл іс-шараға ата-аналарда үлкен дайындықпен атсалысады. Өнер көрсетеді, білгенін ортаға салады. Үштік одақ аясында жоғары деңгейде жұмыс жасап келе жатқан мектеп ұжымы «Ұлттық құндылықтарға негізделген мектептің мәдени ортасын құру: ізденіс және тәжірибе» атты семинарында да біліктіліктері мен ұйымшылдықтарын тағы бір көрсетті. Бұл семинарға Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектептерден барлығы 200 –ден астам мектеп директоры мен мұғалімдері қатысты. Олар әр түрлі кабинеттерде дайындалған салт-дәстүр көріністері және заманауи методикалармен жасалған сынып сағаттарына кіріп, тәжірбие алмасты.

– Ұстаздан шәкірт озар деген сөз бекер айтылмаса керек. Оқушылардың әдебі, сабақ үлгерімі, ашық сабақтарға белсене қатысуы өте керемет. Ал, мектептің дәл алдына «Қолөнер шебері» үйірмесінің жетекшілері киіз үйді өз қолымен айнытпай жасаған. Алты қанат ақорданың білім ұясының алдында тұруы, қолөнер көрмесі көздің жауын алады. Оқушылар аптасына бір рет мектепке келіп, ер балаларға шаңырақты қалай көтеріп, керегелерін қалай тұрғызып, уықтарын қадап, арқан бауларды қалай байлайтынын үйретіледі екен. Мектеп бағдарламасынан тың дүниеге оқушылар да ерекше ынтамен, қызығушылықпен қарайтыны бізге тәжірбие болды,-дейді №106 ЖББМ -нің тәрбие орынбасары Айгүл Мәуленова.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *