Мемлекет басшысы Армения Президентіне ілтипат көрсетіп, еліміздің қазақ-армян ынтымақтастығын мүлдем жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Армения арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толғаны аталып өтетінін, осы уақыт аралығында ауқымды институционалдық база қалыптасқанын айтты.

– Сауда-экономикалық ықпалдастықтан бөлек, қос халық арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар соны серпінмен дамып келеді. Былтыр Ереванда Армениядағы Қазақ театрының күндері өтті. Келесі жылы Сіздің еліңізде Қазақстан мәдениетінің онкүндігін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бүгін Өзіңізбен бірге Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысамыз, – деді Қазақстан Президенті.

Ваагн Хачатурян Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін жеткізді

 Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты нығайтудың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Алматы алаңын алдағы уақытта да ұсынуға дайын екенін растады.

Осыған дейін Ақордада Армения президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өткен болатын.

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *