Шымкент мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды. Тарихы тереңде жатқан, іргелі білім ордасы Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейде білім күніне орай салтанатты жиын өтті.

Жүз жылдан астам тарихы бар мектеп-лицейде биыл 251 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Айта кетсек, қалада мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3 мектепте, 1 мектеп-интернат және 1 балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Айта кетсек, қалада мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3 мектепте, 1 мектеп-интернат және 1 балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

59

 

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды білім күнімен құттықтап, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі.
– Қалада биыл 223 мектеп, жалпы 861 білім беру ұйымында 390 мыңға жуық тәрбиеленушілермен жаңа оқу жылы басталды. 28 мың оқушы бірінші сыныпқа барды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 000 балаға артып отыр. Жалпы білім саласында жаңа мектептердің пайдалануға берілуі, білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту, қауіпсіздікті күшейтуде көптеген жұмыстар атқарылды. Енді оқушылар тек қана білімге ұмтылуы тиіс. Жаңа оқу жылында жетістіктер көбейсін, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жүз жылдан астам тарихы бар мектеп-лицейде биыл 251 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Айта кетсек, қалада мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3 мектепте, 1 мектеп-интернат және 1 балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан барша ұстаздар қауымын, ата-аналарды білім күнімен құттықтап, мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндердің қадамына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.