2022 жылғы 5 қарашада заңдылықты арттыру және құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокуратура заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді;
2) заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын анықтауды және жоюды;
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді.
Сондай-ақ, құқық қорғау әлеуетін күшейтуге прокуратура органдарының қарауына жататын өтініштер санаттарының тізбесін нақтылау, заңдылықтың сақталуы бойынша тексерулерді тағайындау тәртібін реттеуге ықпал ететін болады.
Конституциялық заң қадағалаудың пәрменді құралдары мен тетіктерін көздейді.
Енді Бас Прокурор Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Конституциялық Сотқа халықаралық шарт ратификацияланғанға дейін оның Конституцияға сәйкестігін қарау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігіне ресми түсіндірме беру үшін және Жоғарғы Сотқа сот практикасы мәселелері жөнінде соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен жүгінуге құқылы.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.
Прокуратура актілерін қарамау немесе орындамау заңда көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Жалпы Конституциялық Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнес, қоғам және мемлекет мүдделерін тиімді сақтауға ықпал ететін болады.
Шымкент қаласы прокурорының
бірінші орынбасары
Н. Сейдалиев
с 17 ноября 2022 года вводится в действие
Конституционный закон Республики
Казахстан «О прокуратуре»
5 ноября 2022 года в целях повышения законности и системного усиления правозащитной деятельности принят Конституционный закон Республики Казахстан «О прокуратуре».
Согласно статье 1 Конституционного закона прокуратура осуществляет высший надзор за соблюдением законности на территории Республики Казахстан, представляет интересы государства в суде и от имени государства осуществляет уголовное преследование.
Прокуратура в целях обеспечения законности осуществляет следующие задачи:
1) защиту и восстановление нарушенных прав и свобод человека и гражданина, охраняемых законом интересов юридических лиц, общества и государства;
2) выявление и устранение нарушений законности, причин и условий, им способствующих, а также их последствий;
3) координацию деятельности правоохранительных и иных государственных органов;
4) иные задачи, определяемые законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан.
Усилению правозащитного потенциала будет способствовать уточнение перечня категорий обращений, подлежащих рассмотрению органами прокуратуры, регулирование порядка назначения проверок по соблюдению законности.
Конституционный закон предусматривает действенные инструменты и механизмы надзора.
Теперь Генеральный Прокурор имеет право обращаться в Конституционный суд в соответствии с пунком 4 статьи 72 Конституции для рассмотрения до ратификации международных договоров на их соответствие Конституции, а также нормативных правовых актов на их соответствие Конституции Республики и в Верховный суд с предложением о даче разъяснения судам по вопросам судебной практики.
Кроме того акты прокурорского надзора и реагирования обязательны для рассмотрения, исполнения органами, организациями и должностными лицами, которым они адресованы.
Не рассмотрение либо невыполнение законных требований прокурора влекут ответственность, установленную законами.
В целом, Конституционный закон будет способствовать эффективному соблюдению прав и свобод граждан, интересов бизнеса, общества и государства.
Первый заместитель
прокурора города Шымкент Н. Сейдалиев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.