Жыл басынан бері шаһарда 834 отбасы, 1182 адам қандас мәртебесін алды. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия және Ресей елінен келгендер.

40

 

Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Мұнда атамекенге оралғандар 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлерін тегін алады.
Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 15 отбасынан 49 адам алуда. Ал, қандас мәртебесін алған 1182 адамның ішінде — 574 ер адам және 608 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар — 323 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар — 565 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 294.Президент тапсырмаларын орындау аясында еліміздің электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электр энергетикасы саласын дамыту мәселесі қаралған-тын.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, қазіргі уақытта біртұтас электр энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істейді. Тұжырымдаманы іске асыру үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылдау талап етіледі.
Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде энергия көздерін дамыту, инвестицияларды жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекет тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар топтамасы дайындалды.
Қазіргі таңда қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі «Бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізеледі. Яғни қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні ішінде атқарылуда.
Айта кетейік, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда және жалдамалы жұмыстармен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.