Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:

      1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген өрт және оның қауіпті факторларының, заттары мен материалдарының, сондай-ақ өрт- жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталардың; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдарының; құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдардың; өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығының, сыртқы қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың сыныптамасын;

      2) қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде өмірлік циклінің барлық сатысында әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жүргізу объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.

      3. Осы Техникалық регламенттің ережелері мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті.

      4. Әскери мақсаттағы объектілерге, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын қайта өңдеу, сақтау объектілеріне, химиялық қару мен жару құралдарын жою және сақтау объектілеріне, жерүсті ғарыш объектілері мен старттық кешендерге; тау-кен қазбалары объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.

5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты – эвакуациялау жолының берілген көлемдік-жоспарлау және конструкциядық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы хабарландырған сәттен бастап ғимарат, имараттан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;

      2) авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);

      2-1) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;

      3) бықсу – жалынсыз жану;

      4) ғимараттың биіктігі (эвакуациялау және құтқару үшін) – ғимаратқа жақын өту жолының өту бөлігінің қабатынан бастап жердің жоспарлы белгілеу деңгейінің және жоғарғы техникалық қабатты (қабаттарды) санамағандағы жоғарғы қабаттың (мансард қабатын қоса алғанда) еденінің деңгейіне дейінгі белгілеулердің айырымы. Еңісі бар немесе бірнеше өту жолдары бар жер учаскелерінде орналасқан ғимараттың биіктігі жоспарлы белгілеуінің төменгі деңгейінің немесе өту жолының төменгі деңгейінің және жоғары қабаттың едені деңгейінің белгілеулерінің айырымымен анықталады;

      4-1) дайындаушы – өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға, оның ішінде шетелдік дайындаушы;

4-2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      5) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) – қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;

      6) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы – жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;

      7) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі – жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;

      8) жалындау – от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;

      9) жану – от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;

      10) жану жылдамдығы – аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;

      11) жанғыш орта – тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;

      12) жанғыштық – заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;

      12-1) импорттаушы – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) өнім беруге сыртқы сауда шартын жасасқан, осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығаруды және (немесе) сатуды жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      13) жылу өздігінен жанудың шарты – қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;

      14) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі – өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;

      15) конструкцияның отқа төзімділік шегі (өртке қарсы тосқауылдардың ойықтарын толтыру) – от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы конструкция үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;

      16) қажетті эвакуациялау уақыты – өрттің қауіпті факторлары әсерлерінің нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей өрттің қауіпті факторлары жоқ аймаққа адамдар эвакуациялануы тиіс өрттің туындаған сәтінен бастап уақыт;

      17) құтқару – ададмардың өміріне (денсаулығына) өрттің қауіпті факторларының әсер етуінен қауіп болған кезде өрттің қауіпті факторлары болмайтын аймаққа, оның ішінде тиісті техникалық құтқару және қорғау құралдарын пайдалана отырып, адамдарды жеке немесе ұжымдық ауыстыру процесі;

      18) құтқару құралдары (құрылғылары) – адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуі және (немесе) олардың ілеспе көріністерінің болуы мүмкін және эвакуациялау өрттің қауіпті факторларымен немесе басқа да себептермен бұғатталған жерлерден адамдарды дербес немесе мәжбүрлі көшіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар;

      19) мұнай және мұнай өнімдері қоймалары – мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және беру үшін арналған ғимараттар, сұйық қоймалар және басқа да имараттар кешені;

      20) объектінің өрт қауіпсіздігі – өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объектінің жай-күйі;

      21) объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі – өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығысты азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар кешені;

      22) объектінің өрт қауіптілігі – өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;

      23) өндірістік объектілер – өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығына арналған, оның ішінде қоймалар, инженерлік және көлік инфрақұрылыс (теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігі), байланыс объектілері;

      24) өрт бөлігі – өрттің ықтимал ауданын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы аралықтармен (қабырғалармен, аймақтармен, қалқалармен және негзделген кезде басқа да тосқауылдармен) бөлінген ғимараттың бөлігі;

      25) өрт ошағы – өрттің бастапқы пайда болған жері;

      26) өрт пайда болуы – өртке алып келетін процестер жиынтығы;

      27) өрт сөндірудің алғашқы құралдары – өрттің бастапқы өршуі кезінде өртпен күресу үшін пайдаланылатын адамдар алып жүретін немесе тасымалданатын өрт сөндіру құралдары;

      28) өртке қарсы тосқауыл – оттөзімділіктің нормаланған шегі және конструкциядық өрт қауіптілігінің нормаланған класы бар құрылыс конструкцияы, ғимараттың көлемді элементі немесе ғимараттың (имараттың) бір бөлігінен екіншісіне немесе ғимараттар (имарат, екпелер) арасында өрттің таралуын болдырмауға арналған басқа тәсіл;

      29) өртке қарсы үзіліс (өртке қарсы қашықтық) – өрттің таралуын болдырмау үшін белгіленген ғимараттар және (немесе) имараттар арасындағы нормаланатын қашықтық;

      30) өртке қауіпсіз аймақ – ғимараттың, құрылыстың, өрт бөлігінің эвакуациялау мен құтқаруды жүргізу үшін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, тиісті уақыт ішінде (өрт туындаған сәттен бастап құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін) адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғау үшін өртке қарсы аралықтармен бөлінген бөлігі;

      31) өрттен қорғау жүйесі – адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғау және (немесе) олардың объектіге әсер ету салдарын шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;

      32) өртті болдырмау жүйесі – объектіде өрттің туындау жағдайларын болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;

      33) өрттің қауіпті факторлары – әсері адамның жарақаттануына, улануына немесе өлімге және (немесе) материалдық шығынға алып келуі ықтимал өрт факторы;

      34) технологиялық орта – технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар;

      35) түтінге қарсы қорғаныш жүйесі – өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардың түтіндеу қаупін, сондай-ақ оның қауіпті факторларының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсерін болдырмау немесе шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары, көлемдік-жоспарлау шешімдері, инженерлік жүйелер және техникалық құралдар кешені;

      36) тұтану – қысқа мерзімді көрінетін жарқырау қоса жүретін газ бу ауа қоспасының жанғыш зат бетінде тез жануы;

      37) тұтану көзі – жанудың пайда болуын бастайтын энергетикалық әсер ету құралы;

      38) тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдары – өрттің қауіпті факторларынан адамдардың қауіпсіздігін және оларды қорғауды, оның ішінде оларды эвакуациялау, өзін-өзі құтқару және құтқару кезінде қамтамасыз ететін техникалық құралдары;

      39) эвакуация – адамдардың үй-жайдан сыртқа немесе өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігі бар қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылған өздігінен қозғалу, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобына жататын адамдардың өздігінен емес, қызмет көрсетуші мамандар жүзеге асыратын процесі;

      40) эвакуациялық жол (эвакуация жолы) – адамдардың өрт кезінде қауіпсіз эвакуациялау талаптарын қанағаттандыратын қауіпсіз аймаққа немесе тікелей сыртқа алып келетін қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы;

      41) эвакуациялық шығу – тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа эвакуация жолына алып баратын шығу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.