Өңірімізден 400 мың тонна бақша өнімдері бес елге экспортталды

Spread the love

Түркістан облысының шаруалары ауылшаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау әлеуетін жылдан-жылға ұлғайтып келеді. Нақтырақ айтар болсақ, оңтүстіктің диқандары осы жылдың тоғыз айында Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат саудалаған. Соның ішінде бір Ресей мемлекетінің нарығына 145 мың тоннадан астам қауын мен қарбыз шығарылғанын айта кеткен жөн.Сонымен бірге, өңір шаруалары Көкөніс пен бақшадан басқа бұл елдерге үндік еті, сусындар мен ірі қара малға арналған азық пен балық консервілерін шығарып келеді.Соңғы уақытта Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артып келе жатқанын айта кету керек. Осының нәтижесінде, жеміс импортының үлесі 99,3 млн. долларға немесе 33,3 пайызға, ал көкөніс 6,2 млн. долларға немесе 4,8 төмендеген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *