Өңірдің құрметті азаматы құттықталды

«19- қазан — Құтқарушылар күні» қарсаңында азаматтық қорғау органдарының ардагері, төтенше жағдайлар саласының дамуына үлес қосқан, Қызылорда облысының құрметті азаматы Қорғанбек Қайруллаевтың шаңырағына ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н. Жанәбіл мен Кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж. Қаласова арнайы құттықтап барды. Ардагер өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Түркістан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

 

Поздравили почетного гражданина региона

В преддверии» 19 октября — Дня Спасателя » ветеранов органов гражданской защиты, внесших вклад в развитие сферы чрезвычайных ситуаций, почетного гражданина Кызылординской области Курганбека Кайруллаева поздравили коллеги. Заместитель начальника «Службы пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС полковник гражданской защиты Н. Жанабиль и начальник отдела кадровой политики подполковник гражданской защиты Ж. Каласова поздравили ветерана. Ветеран благословил их.

ГУ «СПиАСР» ДЧС Туркестанской области

 

Балық аулағанда өзіңді қорғауды ұмытпа

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы Жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағында орналасқан аң, балық аулайтын дүкендерге үнпарақтарды таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Азаматтық қорғаныс басқармасы

Не забывай беречь себя на рыбалке

Сотрудниками Управления гражданской обороны Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области совместно с Оперативно-спасательным отрядом проведена разъяснительная работа с раздачей листовок в охотничьи и рыболовные магазины, расположенные на территории города.

Управление гражданской обороны

 

Ілтипат

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері “19 қазан — Құтқарушылар күні” мерекесіне орай қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған Төреманов Қазбек Сұлтанбекұлын еске алды. Қ. Төреманов 2008 жылы тікұшақ апаты салдарынан қаза тапқан болатын. Бүгінде оның жұбайы қыздарын тәрбиелеп отырған абзал ана. Осы орайда офицерлер Төреманова Светланаға кәсіби мерекеге орай ілтипат білдірді.

Түркістан облысы ТЖД

Чествовали

Сотрудники Управления гражданской обороны Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области к празднику «19 октября — День спасателя» почтили память Туреманова Казбека Султанбековича, погибшего при исполнении служебных обязанностей. К. Тореманов погиб в 2008 году в результате крушения вертолета. Сегодня его супруга воспитывает дочерей. В связи с этим офицеры чествовали Светлану Туреманову в честь профессионального праздника.

ДЧС Кызылординской области

 

Сарыағаш ауданында

Сарыағаш ауданының әкімшілігінде Сарыағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, сонымен бірге сала ардагерлері «19-қазан — Құтқарушылар күніне» орай марапатталды.

Қазалы ауданы ТЖБ

В сарыагашском районе

В администрации сарыагашского района сотрудники Отдела по чрезвычайным ситуациям и Пожарной части Сарыагашского района, а также ветераны отрасли были награждены в честь «19 октября — Дня Спасателя».

ОЧС Сарыагашского района

 

«19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай өңірдегі құтқарушылар арасында жарыс өтті

«19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері арасында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуден жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты —
салауатты өмір салтын сақтау, халықтың қауіпсіздігін қорғау, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дер кезінде көмек көрсете білуді насихаттау.
Жарыс барысында құтқарушылар өздерінің кәсіби дайындығы мен шеберлігін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №4-ші құтқару бөлімшесі,
2- орынды №1-ші құтқару бөлімшесі, 3-орынды №3-ші құтқару бөлімшесі иеленіп, марапатталды.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»

В честь «19 октября – Дня Спасателя» в регионе прошли соревнования среди спасателей

В честь «19 октября – Дня Спасателя» проведены соревнования по проведению аварийно-спасательных работ среди спасательных подразделений Оперативно-спасательного отряда ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС Кызылординской области.
Цель соревнований —
пропаганда здорового образа жизни, защиты безопасности населения, умения своевременно оказывать помощь в случае угрозы жизни людей.
В ходе соревнований спасатели продемонстрировали свою профессиональную подготовку и мастерство.
По итогам соревнований 1 место заняла спасательная часть №4, 2 место заняла спасательная часть №1, 3 место заняла спасательная часть №3.

«Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС Туркестанкой области

 

Ардагер мерекемен құттықталды

Кеше қаладағы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері Азаматтық қорғау органдарының ардагері Әмит Жаңабаевтың үйіне «19-қазан -Құтқарушылар күніне» орай арнайы құттықтап барды. Әмит Жаңабаев сала ардагері ғана емес, сонымен бірге «Отқа оранған өрендер» кітабының авторларының бірі. Ақсақал өзі қызмет еткен жылдардағы оқиғалар туралы офицерлерге әңгімелеп берді. Сонымен бірге құттықтап келген мамандарға алғыс білдірді.

Түркістан облысы ТЖД

Ветерана поздравили с праздником

Вчера сотрудники пожарных частей города поздравили ветерана органов гражданской защиты Амита Жанабаева с «Днём спасателя — 19 октября». Амит Жанабаев является не только ветераном отрасли, но и одним из авторов книги «Отқа оранған өрендер». Аксакал рассказал офицерам о событиях тех лет, когда он служил. Также он поблагодарил специалистов, которые пришли поздравить.

ДЧС Туркестанской области

 

Дабылды ескерту

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 20-21 қазанда Қызылорда облысында оңтүстіктен жел соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Штормовое предупреждение

По сообщению филиала РГП «Казгидромет» по Туркестанской области днём 20-21 октября в Кызылординской области ожидается ветер южный в центре области порывы 15-20 м/с.

 

Гүл шоқтарын қойды

Кәсіби мереке күні Жалағаш ауданы азаматтық қорғау органының қызметкерлері 2008 жылы «МИ-8» тікұшағының құлауы салдарынан қаза болған азаматтарға арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімін жасап, құран бағыштады. Азаматтық қорғау органында аянбай қызмет еткен, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары болған әріптесіміз полковник Қазбек Төреманов та сол оқиға кезінде қаза болған еді. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады.

Созақ ауданы ТЖБ

Возложили цветы

В день профессионального праздника сотрудники органов гражданской защиты Жалагашского района провели церемонию возложения цветов к мемориальной доске, посвященной гражданам, погибшим в результате крушения вертолета «МИ-8» в 2008 году, и зачитали Коран. Наш коллега полковник Казбек Туреманов, который самоотверженно служил в органах гражданской защиты, был заместителем начальника Департамента по чрезвычайным ситуациям, также погиб во время этого инцидента. Его имя навсегда останется в памяти коллег.

ОЧС Созакского района

 

Ашық есік күні өткізілді

2022 жылдың 19 қазаны күні кәсіби мереке қарсаңында Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №16 өрт сөндіру бекетінде ашық есік күні өткізілді. Оған №127 мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Төлеби ауданы ТЖБ

День открытых дверей

19 октября 2022 года в преддверии профессионального праздника сотрудниками Отдела по чрезвычайным ситуациям Шиелийского района в Пожарном посте №16 был проведен День открытых дверей. В нем приняли участие учащиеся 8-9 классов школы-лицея №127.

ОЧС Толебийского района

 

Құтқарушылар құрметке лайықты!

Кеше Төлеби ауданы әкімдігінің және Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «19-қазан – Құтқарушылар күніне» орай «Арман» мәдениет үйінде салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайыл, сала ардагерлері, аудандық жастар ресурстық орталығының жастары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шара өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған Кенжебай Жақыпов, Қазбек Төреманов, Арман Төлеубаев, Арғын Әшірбековті еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаудан басталды.
Мұнан соң ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Әпетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды ведомствалық наградалармен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, қазіргі күнге дейін азаматтық қорғау органдарында тер төккен Сапарғали Мырзахметов Еңбек сіңірген зейнет демалысына шықты. Осыған байланысты әріптестері құрмет көрсетудің белгісі ретінде оның иығына ұлттық шапанды жапты.
Іс-шара соңында Шиелі ауданы бойынша азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жолмырзаев пен Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Мампаев әріптестеріне кәсіби мерекедегі ізгі тілегін жеткізіп, «Арман» мәдениет үйінің әкімшілігіне және Шиелі ауданы әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы ТЖД

Спасатели заслуживают уважения!

Вчера в Доме культуры «Арман» состоялся торжественный вечер, посвященный «19 октября — Дню спасателя», организованный акиматом и Отделом по чрезвычайным ситуациям Толебийского района.
В данную мероприятии приняли участие заместитель акима Толебийского района Ерсултан Апетов, председатель районного совета ветеранов Оркен Исмаил, ветераны отрасли, молодежь районного молодежного ресурсного центра, представители СМИ.
Торжественное мероприятие началось с объявления 1 минуты молчания в память о Кенжебае Жакупове, Казбеке Тореманове, Армане Тулеубаеве, Аргын Аширбекове, погибших при исполнении служебных обязанностей, несмотря на угрозу своей жизни.
Затем с поздравительным словом выступил заместитель акима района Ерсултан Апетов, который наградил ряд граждан ведомственными наградами и благодарственными письмами акима района.
Кроме того, Сапаргали Мырзахметов, который до настоящего времени работал в органах гражданской защиты, вышел на заслуженный отдых. В связи с этим коллеги надели на него национальный чапан в знак уважения к нему.
В завершение мероприятия председатель Совета ветеранов органов гражданской защиты по Толебийскому району Марат Жолмурзаев и начальник Отдела по чрезвычайным ситуациям Шиелийского района подполковник гражданской защиты Жандос Мампаев обратились к коллегам с наилучшими пожеланиями в профессиональный праздник и выразили благодарность администрации Дома культуры «Арман» и акимату Шиелийского района.

ДЧС Туркестанской области

 

Құтқарушылар құрметке лайықты!

Кеше Шиелі ауданы әкімдігінің және Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «19-қазан – Құтқарушылар күніне» орай «Арман» мәдениет үйінде салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайыл, сала ардагерлері, аудандық жастар ресурстық орталығының жастары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шара өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған Кенжебай Жақыпов, Қазбек Төреманов, Арман Төлеубаев, Арғын Әшірбековті еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаудан басталды.
Мұнан соң ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Әпетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды ведомствалық наградалармен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар, қазіргі күнге дейін азаматтық қорғау органдарында тер төккен Сапарғали Мырзахметов Еңбек сіңірген зейнет демалысына шықты. Осыған байланысты әріптестері құрмет көрсетудің белгісі ретінде оның иығына ұлттық шапанды жапты.
Іс-шара соңында Шиелі ауданы бойынша азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жолмырзаев пен Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Мампаев әріптестеріне кәсіби мерекедегі ізгі тілегін жеткізіп, «Арман» мәдениет үйінің әкімшілігіне және Төлеби ауданы әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы ТЖД

Спасатели заслуживают уважения!

Вчера в Доме культуры «Арман» состоялся торжественный вечер, посвященный «19 октября — Дню спасателя», организованный акиматом и Отделом по чрезвычайным ситуациям Шиелийского района.
В данную мероприятии приняли участие заместитель акима Шиелийского района Ерсултан Апетов, председатель районного совета ветеранов Оркен Исмаил, ветераны отрасли, молодежь районного молодежного ресурсного центра, представители СМИ.
Торжественное мероприятие началось с объявления 1 минуты молчания в память о Кенжебае Жакупове, Казбеке Тореманове, Армане Тулеубаеве, Аргын Аширбекове, погибших при исполнении служебных обязанностей, несмотря на угрозу своей жизни.
Затем с поздравительным словом выступил заместитель акима района Ерсултан Апетов, который наградил ряд граждан ведомственными наградами и благодарственными письмами акима района.
Кроме того, Сапаргали Мырзахметов, который до настоящего времени работал в органах гражданской защиты, вышел на заслуженный отдых. В связи с этим коллеги надели на него национальный чапан в знак уважения к нему.
В завершение мероприятия председатель Совета ветеранов органов гражданской защиты по Толебийскому району Марат Жолмурзаев и начальник Отдела по чрезвычайным ситуациям Толебийского района подполковник гражданской защиты Жандос Мампаев обратились к коллегам с наилучшими пожеланиями в профессиональный праздник и выразили благодарность администрации Дома культуры «Арман» и акимату Толебийского района.

ДЧС Туркестанской области

 

Балық пен аң аулауда сақтық ережесін ұмытпа!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы, Жедел құтқару жасағының қызметкерлері қала аумағында орналасқан аң және балық аулайтын құралдар сататын дүкендердің өкілдеріне үнпарақтарды таратты. Оларға «аң және балық аулауда қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде мәлімет жазылған үнпарақтарды» әрбір тауар алушыға алған затымен бірге берулері қажеттігі түсіндірілді.

Түркістан облысы ТЖД

Не забывайте правила предосторожности при рыбалке и охоте!

Сотрудники Управления гражданской обороны Департамента по чрезвычайным ситуациям Кызылординской области, Оперативно-спасательного отряда раздали листовки представителям магазинов по продаже охотничьего и рыболовного инвентаря, расположенных на территории города. Им было разъяснено, что «листовки со сведениями о строгом соблюдении правил безопасности при охоте и рыболовстве» должны выдаваться каждому получателю товара вместе с полученным товаром.

ДЧС Туркестанской области

 

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Сайрам ауданында «19-қазан — Құтқарушылар күні» мерекесіне орай құқық қорғау органдарының арасынан шағын футболдан жарысы өткізілді. Жарысқа барлығы 4 команда қатыстырылды. Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен, Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінен, Аудандық Полиция бөлімінен, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен командалар қатыстырылды. Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Б. Нұридинов «Құтқарушылар күні» мерекесімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
​ ​ ​ Азаматтық қорғау органыны ұйымдастырған сайыстың нәтижесінде І орынды Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңіп алды. ІІ орынды Аудандық Полиция бөлімінің командасы иеленсе, ІІІ орынды Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің командасы иеленді.
​ ​ ​ Жарысты Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Омаров қорытындылап, І, ІІ, ІІІ орын алған командаларды алғыс хатпен, кубокпен, медальмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

19 қазан — Құтқарушылар күні»

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы Сайрам ауданының азаматтық қорғау органының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Департамент бастығының «Алғыс хаттарын» және «Азаматтық қорғау​ органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарын тапсырды.

Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Департаменттің өкілдері қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған әріптесін еске алды

Құтқарушылар күніне орай Департаменттің қызметкерлері 1997 жылы қаладағы «Көкөніс сақтау» қоймасында орын алған өртті сөндіруде қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші — Арғын Әшірбековтің ата-анасына барып, денсаулық жағдайын біліп, қарияларға шәй ішуге тәттілерді тарту етті. Әкесі — Қазбек Әшірбеков өздеріне сәлем беруге және Арғын Қазбекұлының ерлігін еске алуға келген азаматтық қорғау қызметкерлеріне ақ батасын берді.

Түркістан облысы ТЖД

Представители Департамента почтили память коллеги, погибшего при исполнении служебных обязанностей

Ко Дню спасателя сотрудники Департамента посетили родителей пожарного — Аргына Аширбекова, погибшего в 1997 году при исполнении служебных обязанностей по тушению пожара на складе «Овощехранилище», узнали о состоянии здоровья и подарили пожилым людям сладости для чаепития. Отец-Казбек Аширбеков благословил сотрудников гражданской защиты, пришедших поздороваться с ними и почтить память о подвиге Аргына Казбековича.

ДЧС Туркестанской области

 

Қытайбек Дариға Съезбекқызы —
Түркістан облысы Сайрам ауданы Бәйгеқұм ауылының тумасы.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы Қорқыт Ата атындағы университетінің «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 2 курс студенті. Кәсіби күнге орай құтқарушыларға «Құтқарушы» атты өлеңін арнады.

Құтқарушы

Құтқарушы болу үшін жүрек керек,
Мінез бенен төзімділік тағы керек.
Өрт-жалынға тосқауыл жасау үшін,
Бірлік пенен ынтымақ болу керек.

Отқа түсер,суда жүзер шырғалаң,
Еңбектері ұмытылмас,орасан…
Өзін емес өзгені ойлап құтқарар,
Құтқарушы мәртебелі Қаһарман!

Тек қана от сөндіріп, шектелмейтін,
Тұтанған өртке кіріп, көз ілмейтін..
Өмір менен өлімде арпалысқан,
Құттықтаймын кәсіби сенің күніңмен!

Авторы: Қытайбек Дариға.

 

19 қазан — Құтқарушылар күні

Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушыларын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен бірге бірқатар қызметкерлерді құрметті зейнет демалысына шығарып салу салтанатты іс-шарасын өткізді.

Сайрам ауданы ТЖБ

19 октября — День спасателей

Отдел по чрезвычайным ситуациям Сырдарьинского района в честь «19 октября – Дня Спасателя» наградил пожарных-спасателей Пожарной части №12 благодарственным письмом акима района. Также состоялось торжественное мероприятие по проводам ряда сотрудников на заслуженный отдых.

ОЧС Сайрамского района

 

Сайрам ауданы әкімі марапаттағандар

Құтқарушылар мерекесіне орай Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов Арал ауданының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында өткен кеңеске қатысып, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің грамоталарын табыс етті. Оларға болашақта да абыроймен лайықты қызмет етуді тіледі.

Сайрам ауданы ТЖБ

Награжденные акимом Сайрамского района

В честь Праздника спасателей заместитель акима Аральского района К. Абсултанов принял участие в совещании в здании Специализированной пожарной части №3 Аральского района, поздравил сотрудников органов гражданской защиты с профессиональным праздником и вручил грамоты акима района. Пожелал им достойно служить и в будущем.

ОЧС Сайрамского района

 

Қала әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар

2022 жылдың 19 қазанында “19 қазан — Құтқарушылар күні” мерекесіне орай Туркестан қаласындағы азаматтық қорғау іс-шараларына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкер — «Тұлпар и К» ЖШС өкілі Ғалымжан Төрешов пен азаматтық қорғау саласының ардагері Асқар Қожақов Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Награжденные благодарственными письмами акима города

19 октября 2022 года в честь празднования “19 октября — Дня Спасателя” благодарственным письмом акима города Кызылорда были награждены предприниматель ТОО «Тұлпар и К» Галымжан Торешов и ветеран гражданской защиты Аскар Кожаков.

Управление по чрезвычайным ситуациям города Туркестан

 

40 жылдай бухгалтер болып еңбек еткен сала ардагерін әріптестері құттықтады

Бүгін Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері 40 жылдай бухгалтер болып еңбек еткен сала ардагері Жұмагүл Кәрімқызын «19-қазан – Құтқарушылар күнімен» құттықтады. Олар Жұмагүл Кәрімқызына гүл шоқтары мен мерекелік сый-сияпатты табыс етті. Жұмагүл Кәрімқызы да өзін кәсіби мерекемен құттықтап келген әріптестеріне алғыс білдірді.
Медеуова Жұмагүл Кәрімқызы – 1955 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. 1974-76 жылдары Қызылорда ауылшаруашылық техникумын, 1998-2000 жылы Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін бухгалтер, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жұмагүл Кәрімқызы еңбек жолын Жалағаш ауданы Аққыр кеңшарында 1973 жылдан бастаған. Ал, бухгалтерияға 1976 жылдан келген. Яғни кеңшарда бухгалтер болып еңбек етті. 1982 жылдан ішкі істер органдарында, 1992 жылдан азаматтық қорғау органында есепші болып еңбек етті.
Бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің Қаржы басқармасының бастығы лауазымын атқарған. Қазіргі таңда құрметті зейнет демалысында.
Жұмагүл Кәрімқызы есепші не сала ардагері ғана емес, сонымен қатар қызметтік этиканы сақтауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын жастардың тәлімді тәлімгері ретінде де сыйлы.
Бүгінде Жұмагүл Кәрімқызы балаларына аяулы ана, немерелеріне ақ жаулықты әже, әріптестеріне тәжірибелі тәлімгер.

Түркістан облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Ветерана отрасли, проработавшего бухгалтером около 40 лет, поздравили коллеги

Сегодня сотрудники ДЧС Туркестанской области поздравили ветерана отрасли Жумагуль Каримовну, проработавшую бухгалтером около 40 лет, с «19 октября – Днём спасателя». Они вручили Жумагуль Каримовне цветы и праздничные подарки. Жумагуль Каримовна также поблагодарила коллег, которые поздравили ее с профессиональным праздником.
Медеуова Жумагуль Каримовна — родилась в 1955 году в Жалагашском районе. В 1974-76 годах окончил Кызылординский сельскохозяйственный техникум, в 1998-2000 году Московский государственный университет экономики, статистики и информатики по специальности бухгалтер, экономист.
Трудовую деятельность Жумагуль Каримовна начала в совхозе Аккур Жалагашского района с 1973 года. А в бухгалтерию пришла с 1976 года. То есть работала бухгалтером в совхозе. С 1982 года работал бухгалтером в органах внутренних дел, с 1992 года — в органах гражданской защиты.
Несколько лет назад занимал должность начальника Финансового управления Департамента по чрезвычайным ситуациям Кызылординской области. В настоящее время находится на заслуженном отдыхе.
Жумагуль Каримовна уважаема не только как бухгалтер или ветеран отрасли, но и как наставник молодежи, играющий важную роль в воспитании соблюдения служебной этики.
Сегодня Жумагуль Каримовна — милая мама для своих детей, добрая бабушка для внуков, опытная наставница для коллег.

Группа по связям с общественностью
ДЧС Туркестанской области

 

«19 қазан — Құтқарушылар күні» мерекесіне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Бүгін Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Омаров пен Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ә.Жаппаров «19- қазан — Құтқарушылар күні» мерекесіне орай зейнетке шыққан М.Баймұратовтың үйіне барып, ардагерге құрмет көрсетті. Сонымен бірге әріптестерінің атынан кәсіби күнге орай сый-сияпат тапсырылды.

Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Тұрғын алғыс білдірді

Бүгін сағат 9-дан 27 минут өткенде Қызылорда қаласы Ф.Скатков көшесі №122 тұрғын үйдің 2-қабатындағы балконында тұрмыстық зат түтіндегені туралы хабар түскен. Хабар түсісімен оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанудың алдын алды. Яғни, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері барып жедел әрекет еткен. Осы жағдайға орай тұрғын мамандарға әлеуметтік желі арқылы алғыс білдірді. Алғыс білдірген тұрғынға зор рахмет! Ел аман, жұрт тыныш болғай! Елде бірлік пен ынтымақтастық болсын! Төл мерекелеріңіз құтты болсын, өрт сөндіруші-құтқарушылар!

Түркістан облысы ТЖД

 

Кәсіби күні құтқарушылар туралы бірер сөз

Бүгін Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы «19-қазан – Құтқарушылар күніне» орай брифинг барысында сұхбат берді.
Сұхбат барысында спикер былай деді: «Құтқарушы мамандығы — ержүрек, батыл жандардың мамандығы. Сондықтан әрқашан құтқарушының мәртебесі биік. Халықтың тыныс-тіршілігі мен аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік маңызы бар мәртебелі мамандық, ең қажетті, құрметті және игі кәсіптердің бірі.
Елге адал қызмет ете жүріп, өз өмірін қатерге тіккен Кенжебай Жақыпов, Арғын Әшірбеков, Арман Төлеубаев, Қазбек Төреманов қызмет бабында жүріп қаза болды. Біз осы асыл азаматтарымыздың ерлік істерін мақтан етеміз, еске аламыз. Жыл сайын «19 қазан – Құтқарушылар күні» қарсаңында біз батыр құтқарушыларымыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың ерлігін еске аламыз, бұл біздің парызымыз.
Өңір бойынша 9 айда 1826 рет әр түрлі оқиға орындарына шығу тіркелді. (оның ішінде 348 өрт сөндірілді, 11 суға кету оқиғасында әрекет етті.) Мамандардың кәсіби-жедел әрекеттерінің арқасында 283 адам құтқарылды, түрлі төтенше жағдайлар аймақтарынан 22 адам эвакуацияланды, 189 азаматқа медициналық көмек көрсетілді.
Құрметті әріптестер, Сіздер күн сайын қиын да қауіпті жағдайда түрлі сипаттағы қауіп-қатерге қарсы тұрып, батыл әрі шапшаң, жауапты да адал әрекет етіп, зардап шеккен жандарды құтқарып, шұғыл көмек көрсетесіздер. Бұл мереке – міне сіздердің осы қызметтеріңізге көрсетілген құрмет. Әріптестер мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтаймын.»

Түркістан облысы ТЖД

Несколько слов о спасателях в профессиональный день

Сегодня в региональном центре коммуникаций Кызылординской области заместитель начальника Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области полковник гражданской защиты Ибрагимов Нурсултан Жанабаевич дал интервью в ходе брифинга, посвященного «19 октября — Дню спасателя».
В ходе беседы спикер сказал: «Профессия спасателя — профессия отважных, мужественных людей. Поэтому всегда высок статус спасителя. Престижная профессия, имеющая государственное значение в обеспечении жизнедеятельности населения и безопасности территории, одна из самых востребованных, почетных и благородных профессий.
Кенжебай Жакупов, Аргын Аширбеков, Арман Тулеубаев, Казбек Туреманов, верно служившие стране и рисковавшие своей жизнью, погибли на службе. Мы гордимся, помним подвиги наших благородных граждан. Каждый год в преддверии «19 октября – Дня Спасателя» мы возлагаем цветы к памятнику нашим героическим спасателям и вспоминаем их подвиг, это наш долг.
По региону за 9 месяцев зарегистрировано 1826 выездов на различные места происшествия. (из них потушено 348 пожаров, действовало 11 случаев утопления.) Благодаря оперативно-профессиональным действиям специалистов спасено 283 человека, эвакуировано 22 человека из различных зон чрезвычайных ситуаций, оказана медицинская помощь 189 гражданам. Уважаемые коллеги, вы каждый день в сложной и опасной ситуации сталкиваетесь с различными типами угроз, реагируете решительно и быстро, ответственно и честно, спасаете пострадавших и оказываете экстренную помощь. Этот праздник — вот дань уважения вашим услугам. Поздравляю коллег и ветеранов с профессиональным праздником.»

ДЧС Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.