Отбасылық балалар кітапханасы жүйесінің №12 бөлімшесінде «Әкеге қара сөзден мүсін қойған» әдеби-танымдық сағаты өтті. Бұл тақырып биыл «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жазушы Төлен Әбдіктің шығармалары бекітілуіне орай таңдалды.

Танымдық кешке N118 Көкбұлақ жалпы білім беретін орта мектебінің кітапханашысы Л.Стаева мен білім ұясының 8-сынып оқушылары қатысты. Жас оқырмандарға жазушының өнегелі өмір жолы мен қазақ әдебиетінің төрінен орын алған шығармаларын таныстыра отырып, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында оқушыларға тың мәліметтер берілді. Оқушылар «Оң қол», «Әке», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» шығармаларының мазмұнына тоқталды.

Кеш соңында өнерлі оқушылар Т.Әбдіктің «Әке» шығармасынан үзінді сахналады. Жазушы шығармаларын негізінде жасақталған көрмемен танысты.

«Әскерге кеткен Құрманбек елге қайта алмады. Соғыс басталып кетті. Алғашқыда хат келіп тұрды. Кейін, 1942 жылы маусым айында ағамның суреті бір газетке басылып шығыпты. Біздің колхоз басқармасы үлкен жиналыс жасап, Құрманбектің ерлігін насихаттағаны есімде. 1943 жылы ақпан айында тағы газетке майдандағы Құрманбектің ерлік істері жөнінде мақала берілген. Ол да есімде. Оның жазған хаттары да сақтаулы болатын. Бір хатында «Мен фронттан келіп жақсылап демаламын. Өзім ұйқыдан тұрмайынша, мені ешкім оятпайды. Есігімде қарауыл тұрады. Ұйқымнан тұрып, командирге өзім барамын. Қасымда бір командир жатады. Сол мені көре алмайды» – деп жазыпты. Тағы бір хатында:

«Қатты ұрыста пленге түсіп қалдым. Немістер «орыссың ба» деп әбден қинады. Мен орысша білмеймін деп қасарыстым. Қанша қинаса да орысша бір ауыз сөйлемей қойдым. Партбилетімді ұлтарақтың астына жасырып едім, таба алмады. Мені бір қазақ дөкейі бар екен соған апарды. Ол кісі жақсы адам екен. Екеуміз көп сөйлестік. Ол «Қазақ» екенсің, мен сені құтқарамын. Бірақ мен елге бара алмаймын. Бір аяғым Совет шекарасында ілінген кезде мені атып тастайды», — деді. Сол кісі мені ертіп алып, түнде қилы жерге шығарып салды. Сонымен екі күн жүріп, өз полкімді тауып алдым» деп жазыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.